2018 жылдың 5 наурыз куні Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығы Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай, Қазақстанның білім және ғылым жүйесінің дамуына, ел Тәуелсіздігін нығайтуға және алаштану саласын зерттеп, насихаттауға қосқан ерекше үлесі мен ғылыми-шығармашылық еңбегі үшін еліміздің тарихшылары мен саясаттанушыларын Ахмет Байтурсынов атындағы медальмен марапаттады.