Профессор М. Ә. Төлеген мырзаны М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма төрағасы - ректоры Басқарма төрағасы – ректоры қызметіне тағайындалуыңызбен құттықтау

11 августа 2026

 

М.Әуезов атындағы

Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің

  Басқарма төрағасы - ректоры
профессор М. Ә. Төлеген  мырзаға

 

Құрметті Мұхтар Әділбекұлы!

Сізді  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – ректоры қызметіне тағайындалуыңызбен Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары қауымдастығының және еліміздің жоғары білім беру саласында еңбек етіп жүрген барша ғалымдар мен ұстаздар қауымының атынан шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – Сіздің кәсіби біліміңіз бен басқарушылық тәжірибеңізге, жоғары жауапкершілігіңіз бен ұйымдастырушылық қабілетіңізге көрсетілген зор сенімнің айқын көрінісі деп білемін.

Еліміздің білім беру және ғылым саласының өркендеуіне елеулі үлес қосып келе жатқан білікті басшы ретінде Сізге жаңа қызметіңізде толағай табыс, шығармашылық серпін және абыройлы жетістіктер тілеймін. Университеттің білім сапасын арттыру, ғылыми әлеуетін нығайту, академиялық ортасын дамыту және халықаралық ынтымақтастығын кеңейту бағытындағы ауқымды міндеттерді жоғары деңгейде жүзеге асыратыныңызға кәміл сенемін.

Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары қауымдастығы Сіз басқарып отырған Университетпен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, жоғары білім мен ғылымды дамытуға бағытталған маңызды бастамалар мен нәтижелі жобаларды бірлесе жүзеге асыруға әрдайым дайын.

Алға қойған мақсат-міндеттеріңіз айқын нәтижелерге ұласып, Сіздің басшылығыңызбен университеттің білім мен ғылым кеңістігіндегі беделі биіктеп, жаңа белестерді бағындыра беретініне сенім білдіремін.

Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық пен бақ-береке, қызметіңізге абырой мен мол жетістік тілеймін.

Жаңа қызметіңіз құтты болсын! Ел игілігі жолындағы еңбегіңіз жана берсін!

 

 

Қауымдастық Президенті,

э.ғ.д., профессор                                                           Р.А. Алшанов

Вернуться на уровень выше просмотров: 63