Президент

«Тұран» университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор.
1969-1974 жж. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) философия-экономикалық факультетінің саяси экономика бөлімін үздік дипломмен аяқтаған. Университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысты. Студенттік құрылыс отрядтарын басқарды. 1973–1987 жж. комсомол комитетінің хатшысы, университет парткомы хатшысының орынбасары болып сайланды, бірмезгілде ҚазМУ-дың ассистенті, аға оқытушысы, доценті болып қызмет атқарды. Жастар арасындағы және көптеген қоғамдық іс-шаралардың ұйымдастырушы болды, құрмет грамоталарымен, «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалімен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен, Халықтар достығы орденімен марапатталған. Аудан, қала, облыс және Орталық комсомол комитетіне сайланды, аудан кеңесінің депутаты және атқарушы комитеттің мүшесі болды.
1986-1987 жж. ҚазМУ-дың философия-экономика факультетінің деканы болды.
1988-1992 жж. Республикалық мәдениет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының директоры, Қазақстан Мәдениет қызметкерлерінің шығармашылық одағының президенті болып сайланды.
1992 ж. Қазақстанда алғашқы мемлекеттік емес «Тұран» университетін ашуға бастама көтерді, бүгінгі таңда ол аталған университеттің ректоры болып табылады. Бүгінгі таңда аталған оқу орны екі университет (Алматы және Астана қалаларында), екі колледж (Алматы және Астана қалаларында), «Тұран» лицейі (Алматы), екі ғылыми-зерттеу институты (Қазақстан қоғамының жүйелік зерттеулер институты, әлемдік нарық институты), бірнеше ғылыми орталықтар, «Тау-Тұран» білім беру-сауықтыру кешені, бакалавриат, магистратура, PhD докторантурасы, докторлық диссертацияларды қорғау бойынша мамандырылған кеңесі бар үлкен «Тұран» корпорациясына айналған.
Ол бірқатар танымал кітаптардың авторы болып табылады, республиканың қоғамдық өміріне және ұлттық экономиканың көптеген мәселелерін шешуге белсенді қатысады, өзекті пікірталастық мәселелерді талқылап, телевизиялық бағдарламаларға жиі қатысып тұрады. Р. А. Алшанов 200-ден астам халықаралық (АҚШ, Германия, Түркия, Таиланд, Шығыс Еуропа және ТМД елдері), аймақтық, республикалық, ЖОО-лық симпозиумдарға, конференциялар мен семинарларға қатысты.
1999-2002 жж. Р.А. Алшанов еліміздің Мемлекеттік емес жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті болып сайланды. Жеке білім беру секторының беделін арттыруға, оның құқықтық базасын тұрақтандыруға және нығайтуға үлкен үлесін қосты.
2001 жылы республиканың Аккредиттелген жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті болып сайланды. Оның бастамасымен баспа орталығы ашылып, жоғары оқу орындарына арналған аса тапшы жаңа буынды оқулықтарды, әсіресе мемлекеттік тілде шығарылуы қолға алынды. Р.А. Алшанов жоғары оқу орындары мен кәсіпорындардың арасында тығыз байланыс орнатумен айналысатын Республикалық жұмыс берушілер Конфедерациясы Басқармасының құрамына сайланды.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі жанындағы Экономикалық консультанттар кеңесінің мүшесі және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі алқасының мүшесі болып табылады.
2002 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін республикадағы ЖОО Қауымдастығының президенті.
Ол, сонымен қатар Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне қосылу, оның осы маңызды саладағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарымен белсенді айналысады. Ол «KazRENA» бірыңғай білім беру компьютерлік желісі қауымдастығының президенті болып сайланды, Қазақстан Республикасының атынан «EdNet» Орталық Азия Академиясының директорлар кеңесінің құрамына кірді.
Осы жылдар аралығында Рахман Алшанов ғылыми-педагогикалық жұмыстармен белсенді айналысты. 1981 ж. С.М. Киров атындағы ҚазМУ да кандидаттық диссертациясын, ал 1992 ж. Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде «Экономикалық қайшылықтар теориясы: эволюция және даму мәселелері» докторлық диссертациясын қорғады. Ол 140-тан астам ғылыми және публицистикалық мақалалардың, 7 сараптамалық монографиялардың авторы. Оның «Қазақстан әлемдік минералды-шикізат нарығында» (Алматы, 2005 ж.) және «Қазақстан әлемдік аграрлық нарықта» (Алматы, 2006-2010 ж.) ҚР түрлі министрліктер мен ведомстволардың мамандары мен қызметкерлерінің арасында, сондай-ақ бизнес-құрылымдарда үлкен сұранысқа ие болды. Оның ғылыми жетекшілігімен 20 кандидаттық, 2 докторлық және 4 PhD докторлық диссертациялары қорғалған. Қазіргі уақытта Р.А. Алшанов – 10-нан астам докторанттың ғылыми кеңесшісі.
Рахман Алшанов бірнеше қоғамдық Академия мен сайлау органдарының мүшесі, Ұлттық және халықаралық инженерлік Академияның академигі болып сайланды, онда жаратылыстану ғылымдары Академиясының, Еуразиялық экономикалық Академияның «Экономика» бөлімінің төрағасы.
«Мәдениет туралы», «Ғылым туралы», «Білім туралы» заң жобаларын, Салық және Еңбек Кодекстерін, басқа да бірқатар заң жобаларын талқылауға, парламенттік тыңдаулар мен БАҚ-та көптеген пікірталастарға белсенді қатысқан. «Известий», «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» және басқа да көптеген басылым беттерінде бірқатар маңызды мақалаларды жариялады.
Р.А. Алшановтың ғылыми педагогикалық және қоғамдық қызметі жоғары үкіметтік марапаттар – Халықтар Достығы орденімен, медальдармен және құрмет белгілерімен, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен атап өтілді, «Қазақстан халқының білім беру ісінің үздігі», «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», 2011 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді, 2016 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды, «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы білім беру ісінің үздігі» Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының төсбелгісімен марапатталды, 20.12.2012 жылы Донецк мемлекеттік басқару университетінің құрметті профессоры дипломымен марапатталды, 2020 жылдың қыркүйегінде «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді, сондай-ақ «Еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында Н.Ә. Назарбаевтың сенімді тұлғасы және Алматы қаласы бойынша сайлау штабының төрағасы болды.
2011 жылдан бері Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы Кеңестің төрағасы, Алматы қаласы Мәслихатының V-VI шақырылымның депутаты, Алматы қ. Қоғамдық кеңесінің төрағасы.
2011 ж. бері – Алматы қаласы бойынша «Нұр Отан» ХДП Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Қоғамдық кеңесінің төрағасы.
2012 ж. бері – «Қ.И. Сатпаев ҚазҰТУ Технопаркі» ЖШС директорлар кеңесінің мүшесі.
2015 ж. бері – Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының вице-президенті.
2016 жылдан 2018 жылға дейін «Altyn Bank» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болды.
2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы кезінде ҚР Президенттігіне кандидат Қ.К. Тоқаевтың Алматы қалалық қоғамдық штабының жетекшісі болды.
Награды и звания Алшанова Рахмана Алшановича
Государственные награды
|
№ |
Удостоверение № |
Название |
Дата |
Ведомство, выдавшее награду |
|
1 |
774 |
Орден «Парасат» |
05.12.2016 |
Президент РК |
|
2 |
999 |
Медаль «Единства народа Казахстана» («Бірлік») |
|
Первый Президент Республики Казахстан - Елбасы |
|
3 |
|
Орден «Барыс» III степени |
18.03.2022 |
Президент РК |
Почётный гражданин
|
№ |
Удостоверение № |
Название |
Дата |
Ведомство, выдавшее награду |
|
1 |
034 |
Почетный гражданин г.Алматы |
18.09.2020 |
Аким г.Алматы |
Общественные награды
|
№ |
Удостоверение № |
Название |
Дата |
Ведомство, выдавшее награду |
|
1 |
|
«Белсенді қызметі үшін» омырау белгісі |
|
Первый заместитель председателя партии «Нұр Отан» |
|
2 |
002 |
Алматы қаласына сіңірген еңбегі үшін |
13.09.2019 |
Аким г.Алматы |
|
3 |
2 |
«Үздік депутат» 2018 төсбелгісі |
2018 |
«Біздің депутат» республикалық қоғамдық-саяси газеті |
|
3 |
|
За вклад в развитие аудиторской деятельности в РК |
|
Президент ПАО «Палата аудиторов РК» |
|
4 |
131 |
Орден звезда качества |
18.11.2020 |
Национальный рейтинг качества товаров и услуг |
|
5 |
|
Кавалер Золотой подвески «Алтын адам» |
|
Международная Евразийская ассоциация делового сотрудничества |
|
6 |
|
Газет бетінде жарияланған экономика тақырыбындағы талдау мақалалары үшін |
27.06.2003 |
Республиканская газета «Егемен Қазақстан» |
Научные звания
|
№ |
Удостоверение № |
Название |
Дата |
Ведомство, выдавшее награду |
|
1 |
00451 |
«Почетный работник образования РК» |
16.09.2020 |
Министр образования и науки РК |
|
2 |
00698 |
«За заслуги в развитии науки РК» |
17.09.2007 |
Министр образования и науки РК |
|
3 |
023 |
Знаком «Почетный работник туризма РК» |
27.09.2002 |
Председатель агенство РК по туризму и спорту |
|
4 |
112 |
ҚР Ұлттық Ғылыми академиясының құрметті мүшесі |
30.10.2020 |
Национальная научная академия РК |
|
5 |
05 |
«Құрметті профессор» атағы |
26.12.2017 |
Казахский Национальный аграрный университет |
|
6 |
00111 |
«Құрметті профессор» атағы |
15.10.2018 |
ВКГУ им.С.Аманжолова |
|
7 |
5 |
«Құрметті профессор» атағы |
26.12.2017 |
Казахский Национальный аграрный университет |
|
8 |
022 |
«Құрметті профессор» атағы |
04.07.2007 |
ВКГУ им.Д.Серикбаева |
|
9 |
04 |
«Құрметті профессор» атағы |
27.02.2007 |
Казахстанский университет Дружбы народов |
|
10 |
06 |
«Құрметті профессор» атағы |
21.06.2007 |
АКТГУ им.Ш.Есенова |
|
11 |
43 |
«Отличник образования Содружества Независимых Государств» |
|
Председатель Совета по сотрудничеству в области образования государств СНГ |
|
12 |
|
Почетный профессор |
20.12.2012 |
Ректор Донецкого государственного университета |
Казахстанские юбилейные медали
|
№ |
Удостоверение № |
Название |
Дата |
Ведомство, выдавшее награду |
|
1 |
6704 |
«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі |
20.08.2020 |
Президент РК |
|
2 |
07434 |
«Астана 20 жыл» мерекелік медалі |
20.06.2018 |
Президент РК |
|
3 |
22731 |
«ҚР-ң Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі |
29.11.2016 |
Президент РК |
|
4 |
|
«ҚР Қарулы күштеріне 25 жыл» мерейтойлық белгісі |
|
Министр обороны РК |
|
5 |
|
«Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалі |
|
Объединение депутатов маслихатов Казахстана |
|
6 |
АА039 |
А.Яссауи университетінің 25 жылдығына орай «Ясауи жылы» медалі |
03.03.2017 |
Председатель Сената |
|
7 |
|
ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының 25 жылдық медалі |
|
Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте РК |
|
8 |
|
Памятная медаль «В ознаменование 75-летия Победы в Великой Отечественной войне» |
24.01.2020 |
Секретарь ЦК КНПК |
|
9 |
523 |
Юбилейный медаль «Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» |
11.05.2015 |
КазНУ им.Аль-Фараби |
|
10 |
0021 |
«Ерен еңбегі үшін» |
2019 |
КазНУ им.Аль-Фараби |
|
11 |
|
М.Тынышбаевтың 140 жылдық мерейтойына арналған медаль |
|
Общественный фонд имени М. Тынышбаева |
|
12 |
000335 |
«Мұхаммед Хайдар Дулати» Үздік табыстары үшін» белгісі |
11.09.2017 |
ТАРГУ |
|
13 |
37 |
Юбилейный медаль «Тұран» университетіне 15 жыл» |
29.10.2007 |
Университет «Туран-Астана» |
|
14 |
009 |
Академик Ө.Жолдасбековтың 85 жылдық мерейтойына арналған төсбелгі |
25.02.2016 |
Многопрофильный научный комплекс |
|
15 |
0061 |
Мерейтой медалі |
22.09.2006 |
«Алматықұрылыс» ұлттық компаниясының |
|
16 |
11 |
«Қазақ Ұлттық аграрлық университетіне 90 жыл» |
|
Казахский Национальный аграрный университет |
|
17 |
4487-лс |
«Қорқыт Ата атындағы Алтын медалімен» |
13.11.17 |
Қорқыт Ата атындағы университет |
|
|
52 |
Почетный профессор |
27.10.2022 |
Костанайский инженерно-экономический университет им. М.Дулатова |
Почётные звания
|
№ |
Удостоверение № |
Название |
Дата |
Ведомство, выдавшее награду |
|
1 |
4452 |
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» |
05.12.2011 |
Президент РК |









