Махметғали Нұрғалиұлын Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары қауымдастығы және осы салада еңбек етіп жүрген барша ғалымдардың, ұстаздардың атынан Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз
22 декабря 2025
Аса қадірлі Махметғали Нұрғалиұлы!
Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары қауымдастығы және осы салада еңбек етіп жүрген барша ғалымдардың, ұстаздардың атынан Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіз өзіңіздің бойыңыздағы тұлғалық болмысыңызбен, еңбекқорлық және зеректік қасиеттеріңіздің арқасында көптеген айтулы жобаларды іске асырып, отандық жоғары білім жүйесінің заманауи тұрғыда әлемдік стандарттарға сай дамуына зор мүмкіндіктер жасап келесіз.
Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім және ғылым саласын өркендету жолында атқарып жүрген жауапты қызметіңізге зор табыстар тілеймін.
Сізге ұзақ ғұмыр тілей отырып, жеткен жетістіктеріңіздің бәрін еңбегіңіздің жанғаны, мақсаттарыңыздың орындалғаны деп білемін. Жас ұрпақтың білімін шыңдаудан басталған еңбек жолыңыз бүгінде жемісті жалғасын тауып келеді. Сондықтан да, Сізді өзіңізден кейінгі буынға ұлағатты үлгі көрсетіп келе жатқан зиялы тұлғалардың бірі деп бағалаймын. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға бақыт-береке тілеймін. Ел үшін жасап келе жатқан еңбектеріңіз әрдайым елеулі және табысты бола берсін!
Құрметпен, Қауымдастық президенті э.ғ.д., профессор Р. Алшанов











