Н.С. Байқадамов мырзаға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы-ректоры қызметіне тағайындалуыңызбен құттықтау
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің
басқарма төрағасы-ректоры
Н.С. Байқадамов мырзаға
Құрметті Наурызбай Сейтқалиұлы!
Сізді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы-ректоры қызметіне тағайындалуыңызбен жоғары оқу орындарының және осы салада еңбек етіп жүрген барша ғалымдардың, ұстаздардың атынан шын жүректен құттықтаймын! Алға қойған мақсаттарыңызға табыс тілей отырып, Сіздің басшылығыңызбен Қорқыт Ата университеті бұдан да биік белестерді бағындыратынына кәміл сенемін. Тәуелсіз Қазақстанның білім-ғылым саласын өркендету жолында атқарып жүрген жауапты қызметіңізге зор табыстар тілеймін. Еліміздің кемел келешегі үшін жасап келе жатқан еңбектеріңіз әрдайым елеулі, табысты бола берсін. Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға бақыт-береке тілеймін!
Қауымдастық Президенті, э.ғ.д.,
профессор Р.А. Алшанов











