Л.Қ. Еркінбаева ханымды Тараз университетінің басқарма төрағасы- ректоры қызметіне тағайындалуыңызбен құттықтау
М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің
басқарма төрағасы- ректоры
Заң ғылымдарының докторы, профессор
Л.Қ. Еркінбаева ханымға
Құрметті Ләззат Қалымбекқызы!
Сізді М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің басқарма төрағасы- ректоры қызметіне тағайындалуыңызбен жоғары оқу орындарының және осы салада еңбек етіп жүрген барша ғалымдардың, ұстаздардың атынан шын жүректен құттықтаймын! Алға қойған мақсаттарыңызға табыс тілей отырып, Сіздің басшылығыңызбен Дулати университеті бұдан да биік белестерді бағындыратынына кәміл сенемін. Тәуелсіз Қазақстанның білім-ғылым саласын өркендету жолында атқарып жүрген жауапты қызметіңізге зор табыстар тілеймін. Еліміздің кемел келешегі үшін жасап келе жатқан еңбектеріңіз әрдайым елеулі, табысты бола берсін. Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға бақыт-береке тілеймін!
Қауымдастық Президенті, э.ғ.д.,
профессор Р.А. Алшанов











