Жаутиков Бахыт Ахатұлыны Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры қызметіне тағайындалуымен!
Құрметті Бахыт Ахатұлы!
Білім-ғылым саласында атқарып жүрген орасан еңбегіңіз бен мол тәжірибеңізді жаңа қызметіңізде де лайықты дәрежеде көрсетеді деп білеміз. Алға қойған мақсаттарыңызға табыс тілей отырып, Сіздің басшылығыңыздағы Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті бұдан да биік белестерді бағындыратынына кәміл сенеміз.
Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, қызметіңізге табыс тілейміз.
Түйіндеме
Жаутиков Бахыт Ахатұлы
Ұлты - қазақ, 1963 жылы 27 тамыз, Қарағанды қаласында дүниеге келгенү
1985 ж - Еңбек Қызыл Ту орденді Қарағанды политехникалық институты "Тау кен істерінің электрификациялау және автоматизациялау" мамандығын үздік тәмәмдаған. Біліктілігі - "Тау кен инженер-электригі".
Менеджменті бойынша үнемі біліктілігін көтерген; тағылымдамалар білім беру және қызметтік іссапарлармен Ресей Федерациясы, АҚШ, Ұлыбритания, Испания, Грекия, Түркия, Иран, Ауғанстан мемлекеттерінде болған.
1994 ж. техника ғылымдарының кандидаты;
1999 ж. "Электротехника" мамандығы бойынша доцент;
2007 ж. техника ғылымдарының докторы;
2009 ж. "Энергетика" мамандығы бойынша профессор;
2011 ж. Халықаралық инженерлік академияның мүше-корреспонденті;
2012 ж. ҚР Ұлттық инженерлік академияның мүше-корреспонденті;
2013 ж. Ғылым саласындағы ұлттық сарапшы;
2016 ж. Аккредитация саласындағы ұлттық сарапшы.
1985 ж. Ақтас шахтасының 4 разрядты жерасты электрослесары;
1986-2010 ж.ж. ҚарПТИ к.ғ.қ., стажер-зертеуші, аспиранты (күндізгі бөлім), ассистенті, аға оқытушысы, электромеханика факультетінің декан орынбасары, доцент, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің кафедра меңгерушісі, декан орынбасары, декан;
2010-2012 ж.ж. "Рудный индустриялық институты" РМҚК оқу және ғылыми жұмыстар бойынша проректоры;
2012-2013 ж.ж. ҚР БжҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімберу департаменті директорының орынбасары;
2013-2016 ж.ж. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің бірінші проректоры;
2014 ж. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің индустриялық және арнайы аккредитация сыртқы аудит топтарының төрағасы;











