• Список вузов, которые внедрили

     

     

    «КАЗАХСТАНСКУЮ СТУДЕНЧЕСКУЮ

    ИДЕНТИФИКАЦИОННУЮ КАРТУ»

  • Список вузов, которые внедрили

    «КАЗАХСТАНСКУЮ УНИВЕРСАЛЬНУЮ

    КАРТУ СОТРУДНИКА УЧЕБНОГО ЗАВЕДЕНИЯ»

  • Визит делегации руководителей ВУЗов в КНР 23-28 мая 2014

  • Заседание правления 24.01.2014

  • Визит делегации ректоров вузов Казахстана в Германию 1-5 декабря 2013 года

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Қожамжарова Дария Пердешқызын Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры қызметіне тағайындалуымен құттықтаймыз!

27 марта 2017

Құрметті Дария Пернешқызы!

Білім-ғылым саласында атқарып жүрген орасан еңбегіңіз бен мол  тәжірибеңізді жаңа қызметіңізде де лайықты дәрежеде көрсетеді деп білеміз. Алға қойған мақсаттарыңызға табыс тілей отырып, Сіздің басшылығыңыздағы Тараз мемлекеттік педагогикалық институты бұдан да биік белестерді бағындыратынына кәміл сенеміз.

         Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, қызметіңізге табыс тілейміз.

ҚОЖАМЖАРОВА ДАРИЯ ПЕРНЕШҚЫЗЫ

Ректор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,

тарих ғылымдарының докторы, профессор

Қожамжарова Дария Пернешқызы 1962 жылы 22 шілдеде Тараз қаласында көп балалы отбасында дүниеге келген.1979 жылы Жамбыл атындағы қазақ орта мектебін үздікке аяқтады.1984 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін үздік бітірді. 1984-1989 жылдары Жамбыл педагогикалық  институтында оқытушы. 1989-1990 жылдары стажер-ізденуші. 1990-1995 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік  университетінің аспиранты. 1995 жылы «1925-1929 жылдарындағы қазақ ауылындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер» тақырыбында кандидаттық, 2010 жылы «Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулауы: әсери-отарлық әкімшілік пен жергілікті халық арасындағы қатынас (ХІХ ғ.ІІ ж –  ХХ ғ. бас кезі)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 1995-2001 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Тарих» кафедрасының доценті. 2001 жылы Педагогика факультеті деканының орынбасары.  2001-2003 жылдары «Саясаттану және әлеуметтану» кафедрасының  меңгерушісі. 2003-2008 жылдары Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық, Жаратылыстану-әлеуметтану ғылымдары, Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеттерінің деканы. 2008-2010 жылдары Тәрбие жұмыстары және қоғаммен байланыс жөніндегі  проректор. 2010-2013 жылдары Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор. 2013 жылдың қыркүйек-қараша айларында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректор міндетін атқарушы қызметтерін атқарды. 2013 жылғы 1 сәуірден бастап Тараз мемлекеттік педагогикалық  институтының ректоры. 2016 жылдың наурыз айынан бастап VI шақырылған Жамбыл облыстық  мәслихатының депутаты. Облыстық мәслихаттың құқықтық тәртіп, әлеуметтік-мәдени салалар, гендерлік саясат және қоғамдық ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы. Қожамжарова Дария Пернешқызы халықаралық конференциялардың тұрақты қатысушысы, Тараз қалалық маслихатының ІV шақырылымының, Жамбыл облысы мәслихатының V шақырылымының депутаты. Жамбыл облысы бойынша іскер әйелдер Ассоциациясының мүшесі, «Білім және әйел»  секциясының төрайымы, Жамбыл облыстық мәслихатының марапаттау комиссиясының төрайымы,  Қазақстан әйелдері І съезінің делегаты, Қазақстан Тарихшылар қауымдастығының және Жамбыл облыстық «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшесі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру мен үгіттеуге арналған Жамбыл облыстық үгіт-насихат тобының тұрақты мүшесі. 5 монографияның, 3 оқу-әдістемелік  құралдың, 100-ден астам ғылыми, ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы. Дария Пернешқызы 2 мәрте ҚР Президентінің Алғыс хатымен, «Құрмет» орденімен, «ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің  Құрмет Грамоталарымен  және Жамбыл облысы Әкімінің Алғыс хатымен марапатталған. Отбасылы. 1 ұлы, 2 қызы, немересі бар.

Вернуться на уровень выше