• Список вузов, которые внедрили

     

     

    «КАЗАХСТАНСКУЮ СТУДЕНЧЕСКУЮ

    ИДЕНТИФИКАЦИОННУЮ КАРТУ»

  • Список вузов, которые внедрили

    «КАЗАХСТАНСКУЮ УНИВЕРСАЛЬНУЮ

    КАРТУ СОТРУДНИКА УЧЕБНОГО ЗАВЕДЕНИЯ»

  • Визит делегации руководителей ВУЗов в КНР 23-28 мая 2014

  • Заседание правления 24.01.2014

  • Визит делегации ректоров вузов Казахстана в Германию 1-5 декабря 2013 года

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Министра образования и науки РК Сагадиева Ерлана Кенжегалиевича     с днем рождения!

29 сентября 2016

 

Қазақстан Республикасы

 Білім және ғылым министрі,

Е.К.САҒАДИЕВКЕ

 

 

Құрметті Ерлан Кенжеғалиұлы!

 

    Қазақстан республикасы Жоғары оқу орындары Қауымдастығының және өзімнің атымнан Сізді туған күніңізбен шынайы ықыласпен құттықтаймын!

     Бүгінде Сіз Тәуелсіз мемлекетіміздің ең бір жауапты саласы – Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрлігіне басшылық жасап келесіз. Аталған саланы жаңаша бағытта дамытып, инновациялық ғылым мен терең білімді оңтайлы реформалау бағытында Сіз Ел мен Елбасы сенімін ақтап, өз қызметіңізде тың идеяларға дем беріп, айтарлықтай жемісті жетістіктерге қол жеткізіп келесіз.

    Тәжірибесі мол, өнегелі ғалым, білікті экономист ретінде бірнеше буын шәкірттеріңізді тәрбиелеп, тәжірибелі мамандар мектебін қалыптастырған Сіздің ғылым-білім саласында атқарып жүрген еңбектеріңіз Тәуелсіз мемлекетіміздің ғана емес, алыс-жақын шет елдердің ғылыми ортасында да мойындалып, лайықты бағасын алып, әр жылдары мемлекеттік, халықаралық деңгейдегі түрлі құрметті атақтар мен марапаттарға лайық деп танылып келеді.

Сіз Сыртқы істер министрлігінде еңбек жолыңызды бастап, шет елдерде тәжірибеден өтіп, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі қызметтерін абыроймен атқардыңыз.

Сіз өзіңіздің бойыңыздағы тұлғалық болмысыңыз бен еңбекқорлық, зеректік қасиеттердің арқасында көптеген айтулы ғылыми жобаларды іске асырып, отандық білім жүйесінің заманауи тұрғыда әлемдік стандарттарға сай жетілдірілуіне зор мүмкіндіктер жасап келесіз.

            Сіздің отандық ғылым-білім саласын дамытып, жетілдіру жолында жасап жүрген еңбектеріңіз бен қабылдаған шешімдеріңіз интеллектуалды ұрпақтың жетілуіне даңғыл жол ашады деп білемін.

    Тәуелсіз Қазақстанның білім-ғылым саласын өркендету жолында атқарып жүрген жауапты қызметіңізге зор табыстар тілеймін.Еліміздің кемел келешегі үшін жасап келе жатқан еңбектеріңіз әрдайым елеулі, табысты бола берсін. Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға бақыт-береке тілеймін!

 

    Құрметпен,

    ҚР Жоғары оқу орындарының

    қауымдастығының президенті, 

    Профессор                                                                                  Р.АЛШАНОВ

 

 

 

Вернуться на уровень выше