• Список вузов, которые внедрили

     

     

    «КАЗАХСТАНСКУЮ СТУДЕНЧЕСКУЮ

    ИДЕНТИФИКАЦИОННУЮ КАРТУ»

  • Список вузов, которые внедрили

    «КАЗАХСТАНСКУЮ УНИВЕРСАЛЬНУЮ

    КАРТУ СОТРУДНИКА УЧЕБНОГО ЗАВЕДЕНИЯ»

  • Визит делегации руководителей ВУЗов в КНР 23-28 мая 2014

  • Заседание правления 24.01.2014

  • Визит делегации ректоров вузов Казахстана в Германию 1-5 декабря 2013 года

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Нурсейт Айткали Шокаливича с 75-летним юбилеем! 15.03.2013 г.

1 апреля 2013

Аса қадірлі  Айтқали Шоқалиұлы!

Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары қауымдастығы Сізді 75 жылдық мерейтойыңызбен жоғары оқу орындарының және осы салада аянбай еңбек етіп жүрген   барша ғалымдардың, ұстаздардың атынан шын жүректен құттықтайды!

Еңбек жолыңызды білім мен ғылымға арнаған көрнекті тұлға ретінде Сіз осы уақытқа дейін отандық білім саласын дамытуда талмай еңбек етіп, жаңа буыннан білікті шәкірттер тәрбиелеп, тәжірибелі ғалымдар мен мамандар мектебін қалыптастырып келесіз. Қазақ мемлекеттік университетін, Алматы халық шаруашылығы институтының аспирантурасын бітіріп, Алматы халық шаруашылығы институтының ассистенті, доценті, зертхана жетекшісі, профессоры, кафедра меңгерушісі, проректоры деңгейіне дейін көтеріліп, бірқатар жауапты қызметтерді абыроймен атқардыңыз.

Еуропа ректорлары клубының мүшесі, экономика ғылымының докторы, профессор, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты  атақтарына қол жеткізуіңіз – еңбегіңіздің жанғаны деп білеміз.

Нарық экономикасы, жоспарлау, мемлекеттік реттеу, қаржы және білім мәселелеріне арналған орасан ғылыми еңбектеріңізді бүгінгі жастар өз игіліктеріне жаратуда. Қазақстан республикасының ЖОО-лар қауымдастығының белді мүшесі ретінде де Қауымдастық қызметінің артуы мен жоғары білім беру ісінің ілгерілеуіне атсалысып келесіз. Сіз  Еуразия нарық институтының ректоры қызметін абыроймен атқарып, осы білім шаңырағының көрсеткіштеріне серпін бере алдыңыз. 

Құрметті Айтқали Шоқалиұлы!

Бүгінгі мерейлі жасыңызға тағы да ұзақ ғұмыр тілей отырып, жеткен жетістіктеріңіздің бәрін – еңбегіңіздің жанғаны, мақсаттарыңыздың орындалғаны деп білеміз. Өзіңізді кейінгі буынға ұлағатты үлгі көрсетіп келе жатқан зиялы тұлғалардың бірі деп бағалай отырып, Сізге зор денсаулық, бақыт тілейміз. Халқыңыз үшін жасап жатқан еңбегіңізге жеміс пен мол табыстар тілеймін!

Құрметпен,

Қауымдастық президенті

 Р. Алшанов

Вернуться на уровень выше