• Список вузов, которые внедрили

     

     

    «КАЗАХСТАНСКУЮ СТУДЕНЧЕСКУЮ

    ИДЕНТИФИКАЦИОННУЮ КАРТУ»

  • Список вузов, которые внедрили

    «КАЗАХСТАНСКУЮ УНИВЕРСАЛЬНУЮ

    КАРТУ СОТРУДНИКА УЧЕБНОГО ЗАВЕДЕНИЯ»

  • Визит делегации руководителей ВУЗов в КНР 23-28 мая 2014

  • Заседание правления 24.01.2014

  • Визит делегации ректоров вузов Казахстана в Германию 1-5 декабря 2013 года

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Сайлау Байзақұлы

5 декабря 2012

Құрметті Сайлау Байзақұлы!

Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары қауымдастығы Сізді 75 жылдық мерейтойыңызбен жоғары оқу орындарының және осы салада талмай еңбек етіп жүрген ғалымдардың, ұстаздардың атынан шын жүректен құттықтайды!

Сіздің есіміңіз Республика көлемінде белгілі экономист-ғалым, танымал профессор және академик ретінде таныс. Бұл сіздің қажырлы еңбегіңіз бен ұшқыр біліміңіздің арқасында жеткен жетісітік. Сіз 1945-1956 Ақсуат орталау және Қаратүбек орта мектептерін бітірдіңіз. Әмірханов Ғафиз, Шалғынбаев Батырхан, Нұрханов Сейтбек, Омарбеков Сапарғали, Кәрібаев Әбдіғали, Қайырбеков Ғафу сияқты оқу-ағартушылардан сабақ алдыңыз. 1956-1961 ж. ж. Қазақтың Мемлекеттік университетінің математика факультетін тәмамдадыңыз. 1965-1968 ж.ж. аудандардың экономикасы жөнінде, профессор М. Г. Исаеваның ғылыми жетекшілігімен кандидаттық , ал 1969-1974 жылдары Москва қаласында Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешені жөнінде докторлық дисссертация қорғадыңыз.

Қазақстан Ғылым Академиясының өндіргіш күштерді зерттеу кеңесі төрағасының 1-орынбасары (1985–1986), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комитетінің ғылыми-технология және конъюнктуралық-коммерциялық ақпарат ғылым-зертеу институтының директоры (1991–1993), «Ұлағат» университетінің проректоры (1993–1994) және осы университеттің Астана қаласындағы бөлімшесінің директоры (1998–2000), Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінің экономикалық реформа жөніндегі кеңесшісі (1994–1995), Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның бас басқармасы бастығының орынбасары (1995–1996), Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін жетілдіру мен қайта даярлау институтының ректоры (1996–1998) болдыңыз. 2000 жылдан Қарағанды экономикалық университетінің Астана қаласындағы бөлімшесінің директоры қызметін атқарып келесіз.

Сіз 200-ден астам ғылыми еңбектердің авторысыз. Мұның барлығы елдің жарқын болашағы үшін жасаған игі істеріңіз деп білеміз!

Жеткен жетістіктеріңіздің бәрін – еңбегіңіздің жанғаны, мақсаттарыңыздың орындалғаны деп есептейміз.

Құрметті Сайлау Байзақұлы! Сіз халыққа теңдессіз үлгі көрсетіп келе жатқан тұлғасыз. Өзіңізге зор денсаулық, мол бақыт тілейміз! Халқыңызға жасаған еңбектеріңіз әрдайым елеулі, жемісті әрі нәтижелі бола берсін!

Құрметпен,  

Қауымдастық президенті  Р. Алшанов

Вернуться на уровень выше