• Список вузов, которые внедрили

     

     

    «КАЗАХСТАНСКУЮ СТУДЕНЧЕСКУЮ

    ИДЕНТИФИКАЦИОННУЮ КАРТУ»

  • Список вузов, которые внедрили

    «КАЗАХСТАНСКУЮ УНИВЕРСАЛЬНУЮ

    КАРТУ СОТРУДНИКА УЧЕБНОГО ЗАВЕДЕНИЯ»

  • Визит делегации руководителей ВУЗов в КНР 23-28 мая 2014

  • Заседание правления 24.01.2014

  • Визит делегации ректоров вузов Казахстана в Германию 1-5 декабря 2013 года

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Беркимбаеву Шамшу Копбаевну С 70-летним юбилеем!

15 октября 2012

Аса қадірлі Шәмша Көпбайқызы!

Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары қауымдастығы Сізді 70 жылдық мерейтойыңызбен жоғары оқу орындарының және осы салада аянбай еңбек етіп жүрген   барша ғалымдардың, ұстаздардың атынан шын жүректен құттықтайды!

Сіз өзіңіздің бойыңызға біткен еңбекқорлық, зеректік қасиеттердің арқасында көптеген айтулы ғылыми жобаларды іске асырып, отандық білім жүйесінің оңтайлы реформалануына атсалыстыңыз. Еңбек жолыңызды Алматы облысы Қаскелең ауданында ұстаздық етуден бастап күні бүгінге дейін ұстаздық қалпыңыздан айнымай келесіз. Сіз өзіңіздің біліктілігіңіз бен ұйымдастырушылық қабылетіңіздің арқасында жауапты қызметтерге араласып, Қаскелең аудандық, Алматы облыстық комсомол комитеттерінің бірінші хатшысы, Алматы қаласы Совет аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Алматы облыстық партия комитетінің хатшысы болдыңыз. Бұдан соң еліміздің білім беру саласында өнімді еңбек етіп, Алматы қаласы №12 қазақ орта мектебінің директоры, ҚР Білім министрінің орынбасары, Алматы облыстық білім басқармасының бастығы қызметтерін атқардыңыз.

Елдің сенімін арқалап, ҚР Парламент Сенатының депутаты ретінде де республикамыздағы көптеген заңдардың қабылдануына атсалыстыңыз.

ҚР Білім және ғылым министрі қызметінде де қысқа мерзім ішінде бірқатар игі жобалардың жүзеге асуына себепші болдыңыз. Ұзақ жылдар Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының ректоры болып, аталған оқу орнының университет дәрежесіне дейін көтерілуіне ықпал еттіңіз

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Халықаралық педагогикалық ғылымдар Академиясының академигі әрі көптеген ғылыми-педагогикалық оқулықтардың авторы ретінде Сіз «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» атағымен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен және қазіргі қоғамның интеллектуалдық дамуына қосқан үлесі үшін «Сократ» халықаралық медалімен марапатталдыңыз.

Құрметті Шәмша Көпбайқызы !

Бүгінгі мерейлі жасыңызға тағы да ұзақ ғұмыр тілей отырып, жеткен жетістіктеріңіздің бәрін – еңбегіңіздің жанғаны, мақсаттарыңыздың орындалғаны деп білеміз. Сіздің педагогика ғылымын терең зерттеп, еліміздің білім саласын дамытуға қосқан үлесіңіз зор. Сондықтан да, сізді өзіңізден кейінгі буынға ұлағатты үлгі көрсетіп келе жатқан зиялы тұлғалардың бірі деп бағалаймыз.Сізге зор денсаулық, бақыт тілейміз. Ел үшін жасап келе жатқан еңбектеріңіз әрдайым елеулі, табысты бола берсін!

Құрметпен,

Қауымдастық президенті 

Р. Алшанов

Вернуться на уровень выше