• Список вузов, которые внедрили

     

     

    «КАЗАХСТАНСКУЮ СТУДЕНЧЕСКУЮ

    ИДЕНТИФИКАЦИОННУЮ КАРТУ»

  • Список вузов, которые внедрили

    «КАЗАХСТАНСКУЮ УНИВЕРСАЛЬНУЮ

    КАРТУ СОТРУДНИКА УЧЕБНОГО ЗАВЕДЕНИЯ»

  • Визит делегации руководителей ВУЗов в КНР 23-28 мая 2014

  • Заседание правления 24.01.2014

  • Визит делегации ректоров вузов Казахстана в Германию 1-5 декабря 2013 года

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Кирабаева Серика Смаиловича и Бейсенову Алию Сарсеновну с юбилеем!

18 апреля 2012

Аса қадірлі Әлия Сәрсенқызы!

Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары қауымдастығы Сізді 80 жылдық мерейтойыңызбен жоғары оқу орындарының және осы салада талмай еңбек етіп жүрген ғалымдардың, ұстаздардың атынан шын жүректен құттықтайды!
 Елімізде сіздің есіміңіз физикалық география мен экология саласында көрнекті ғалым ретінде жақсы таныс. 1954 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының география факультетін аяқтап, еңбексүйгіштіктің арқасында биік белестерді бағындырдыңыз. 1984 жылы география ғылымдарының докторы, 1985 жылы профессор, 2003 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі атағына қол жеткіздіңіз. Сонымен қатар, 1995 жылы Қазақстанның «Экология» Халық академиясының академигі, Қазақстан Жоғары мектебі ғылым академиясының академигі (1996), Қазақстан білім академиясының академигі (2005), Қазақстан жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер (1987) атандыңыз. Бұған қоса, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері (2001), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің география мен экология орталығының ғылыми жетекшісі болдыңыз.
Сіздің ғылыми-педагогтік және қоғамдық еңбектеріңіз үкімет тарапынан жоғары бағаға ие болып, «Парасат» (2007), «Құрмет» ордендерінің (1996), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне – 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне – 20 жыл», «Еңбек ардагері» (1987), «СССР Жоғары білім саласындағы үздік табыстары үшін» (1983), Ыбырай Алтынсарин медальдарының иегері, «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» (1980), «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері» (1987) төс белгілерімен марапатталдыңыз.
Сіздің ғылыми-шығармашылық, қоғамдық істеріңіз Қазақстан Республикасынан басқа сырт елдерге де мәлім. Сіз Мәскеуде, Санк-Петербургте, Бакуде, Ташкентте, Бішкекте, Киевте, Қазанда талай рет ғылыми конференцияларға қатысып баяндамалар жасадыңыз. 1999 жылы Вашингтонда әйелдер қозғалысының жиынында жасаған баяндамаңыз арнайы мақтау қағазбен аталып өтті. Сізді Қазақстан экологиясын зерттеу саласындағы еңбектері үшін Американың биографиялық институты «2006 жыл әйелі» арнаулы медальмен марапаттады.
Сіз 500-ге жуық ғылыми еңбек жаздыңыз, оның ішінде монографиялар мен оқулықтардың өзі 20-дан асады.

Жеткен жетістіктеріңіздің бәрін – еңбегіңіздің жанғаны, мақсаттарыңыздың орындалғаны деп білеміз.
Құрметті Әлия Сәрсенқызы! Сіз артта келе жатқан буынға теңдессіз үлгі көрсетіп келе жатқан тұлғалардың бірісіз. Сізге зор денсаулық, бақыт тілейміз. Ел үшін жасап келе жатқан еңбектеріңіз әрдайым елеулі, табысты бола берсін!

Құрметпен,
Қауымдастық президенті Р.Алшанов     

Аса қадірлі Серік Смайылұлы!

Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары қауымдастығы Сізді 85 жылдық мерейтойыңызбен жоғары оқу орындарының және осы салада талмай еңбек етіп жүрген ғалымдардың, ұстаздардың атынан шын жүректен құттықтайды!
Сіздің есіміңіз республика көлемінде ғана емес, жақын шетелдерге де таныс. Бұл сіздің қажырлы еңбегіңіз мен ұшқыр біліміңіздің арқасында жеткен жетісітік. Сіз әдебиетіміздің атақты қаламгерлерінің шығармашылық монографиялық үлгідегі жан жақты зерттеу тәсілін жете игерген ғалымсыз. 1951 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын аяқтадыңыз. Өзіңіздің бойыңызға біткен еңбекқорлық, зеректік сияқты қасиеттердің арқасында 1964 жылы филология ғылымдарының докторы, 1966 жылы профессор, 1968 жылы СССР Педагогика ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, 1994 жылы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, 1994 жылы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері атандыңыз.
Сіз 1988-1995 жылдар аралығында Ұлттық ғылым академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет пен өнер институтының директоры болып қызмет атқардыңыз. Бұл жылдары ғылыми жұмыстың талантты ұйымдастырушысы ретінде танылдыңыз. Репрессияға ұшыраған жазушылар тобы мен Алаш қайраткерлерін ақтау, олардың кітаптарын бастыру, зерттеу ісін басқарып, әдебиеттің ақтаңдақ беттерін толықтыру жұмыстарына белсене араласа отырып, еліңізге деген сүйіспеншілігіңізді көрсете білдіңіз.
Осыған орай, халқымызға жасаған ерен еңбектеріңіз үшін «Отан», «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы» ордендерімен, көптеген медальдармен, Қазақ ССР Жоғары Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталдыңыз. Ал, 2005 жылы Сізге Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері атағы берілді.
Сіз 800-ден астам әдеби-сын, ғылыми мақалалар мен еңбектердің авторысыз. Мұның барлығы елдің жарқын болашағы үшін жасаған игі істеріңіз деп білеміз!

Жеткен жетістіктеріңіздің бәрін – еңбегіңіздің жанғаны, мақсаттарыңыздың орындалғаны деп есептейміз.
Құрметті Серік Смайылұлы! Сіз халыққа теңдессіз үлгі көрсетіп келе жатқан тұлғасыз. Өзіңізге зор денсаулық, мол бақыт тілейміз! Халқыңызға жасаған еңбектеріңіз әрдайым елеулі, жемісті әрі нәтижелі бола берсін!


Құрметпен,
Қауымдастық президенті Р.Алшанов
 

Вернуться на уровень выше