Омарова Амангельды Джумагалиевича с 70-летним юбилеем!
Аса қадірлі Амангелді Жұмағалиұлы!
Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары қауымдастығы Сізді 70 жылдық мерей тойыңызбен жоғары оқу орындарының және осы салада талмай еңбек етіп жүрген ғалымдардың, ұстаздардың атынан шын жүректен құттықтайды!
1966 жылы жоғарғы оқу орнын тәмәмдаған соң, жол қатынасы инженері-құрылысшы біліктілігін алып, Қазақ темір жолының Арыс жол дистанциясында бригадир, аға шеберші болып еңбек жолыңызды бастадыңыз. 1971 жылы Балқаш жол дистанциясының бастығы болып, 1972 жылы оны Қарағанды жол дистанциясының бірінші басшы қызметіне ауыстыңыз, ал үлкен ұйымдастырушылық жұмысты, Алматы магистралінде, 1983 жылы жол бастығының орынбасары болған кезде жүргіздіңіз.
Өзіңіздің басшылығыңызбен Арыс - Шу - Алма-Ата-1 бағыты электрлік тартымға көшірілген.
1997 жылы «Қазақстан темір жолы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының пайда болуымен «ҚТЖ» РМК бас директорының бірінші орынбасары, ал 1997 жылы, Алматы теміржол инженерлер институты мен Алматы автомобиль-жол институты негізінде құрылған, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының ректоры болып тағайындалдыңыз.
Өзіңіздің жіті бақылауыңызбен көліктің барлық мамандықтары бойынша білім берудің мемлекеттік стандарттары, типтік бағдарламалар және оқу жоспарлары әзірленіп, оқу зертханалар, ғимарат пен жатаханалар күрделі жөндеуден өтті.
Теміржол желілері мен оның инфрақұрылымын дамытуға, поезд қозғалыс жылдамдығын жоғарылатуға, көлік қызметі сапасын арттыруға, жүктерді сақтауды қамтамасыз етуге, көлікшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға арналған екі жүзден астам ғылыми мақалалар, жиырма монографияларыңыз жарық көрді. Оның ішіндегі ең елеулілері, «Қазақстанда темір жолды электрлендіру» (Прага, 1995), «Темір жол жер төсемдерінің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету» (Алматы 1995),«Достық және ынтымақтастық жолдары» (Прага, 1996), «Жылжымалы құмды шөл даладағы темір жолдарды жобалау» (Алматы, 1999), «Қазақстандағы темір жолдың жер төсемдері» (Алматы, 2000), «Қазақстандағы темір жолдарды жобалау, салу және күтіп-ұстау» (Алматы 2001),«Машиналар паркін техникалық қайта жарақтауды ұйымдастыру және жаңа машиналарды жасау» (Алматы 2002)және басқалары.
2003 жылдан бастап Қазақ қатынас жолдарының университеті және университет жанындағы Техника-экономикалық колледжін басқарып келесіз. Университет, көлік және коммуникация кәсіпорындары мен Қазақстан экономикасының басқа салалары үшін бакалавриаттың - 16, магистратураның - 9, философия докторы Ph(D) - 4 және колледждің 11 мамандықтары бойынша мамандар дайындайды.
Оқу орны болашақ мамандарға сапалы білім беру үшін соңғы талапқа сай материалдық базамен қамтылған.
Бүгінде сіз техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының, халықаралық көлік академиясының, халықаралық ақпараттандыру академиясының академигісіз.
Еліміздің көлік-коммуникация кешенін дамытуға және адал еңбегі мен жас кадрларды дайындаудағы үлесі үшін «Қазақстан Республикасы көлігінің еңбек сіңірген қызметкері» атағы берілген, сондай-ақ, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрметті теміржолшы», «Қазақстан Республикасы білім берудің құрметті қызметкері» және басқа да белгілерімен марапатталғансыз.
Осының бәрін – еңбегіңіздің жанғаны, өз салаңызда биіктен көрінгеніңіз деп білеміз.
Құрметті Аманкелді Жұмағалиұлы! Сіз өзіңізден кейінгі талай буынға өнеге көрсетіп, үлгі болып жүрген азаматсыз. Қадірлі әкесіз. Сізге зор денсаулық, бақыт тілейміз. Халқыңызға жасаған еңбектеріңіз әрдайым елеулі, жемісті бола берсін!
30.04.2011 г.











