• Список вузов, которые внедрили

    «КАЗАХСТАНСКУЮ СТУДЕНЧЕСКУЮ

    ИДЕНТИФИКАЦИОННУЮ КАРТУ»

  • Список вузов, которые внедрили

    «КАЗАХСТАНСКУЮ УНИВЕРСАЛЬНУЮ

    КАРТУ СОТРУДНИКА УЧЕБНОГО ЗАВЕДЕНИЯ»

  • Визит делегации руководителей ВУЗов в КНР 23-28 мая 2014

  • Заседание правления 24.01.2014

  • Визит делегации ректоров вузов Казахстана в Германию 1-5 декабря 2013 года

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Балықбаев Такир Оспанұлын Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры қызметіне тағайындалуымен құттықтаймыз!

20 июля 2017

Құрметті Такир Оспанұлы!

Білім-ғылым саласында атқарып жүрген орасан еңбегіңіз бен мол  тәжірибеңізді жаңа қызметіңізде де лайықты дәрежеде көрсетеді деп білеміз. Алға қойған мақсаттарыңызға табыс тілей отырып, Сіздің басшылығыңыздағы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті бұдан да биік белестерді бағындыратынына кәміл сенеміз.

Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, қызметіңізге табыс тілейміз.

 

Такир Оспанұлы Балықбаев - 1957 жылы 10 тамызда Жамбыл облысы Талас ауданы Комсомол ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Жамбыл облысы Талас ауданының Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебін бітірген. 1975 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің математика факультетіне түсіп, 1980 жылы тәмамдады, 1982-1985 жылдары М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқыды. 1980-1982 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде зерттеуші тағылымгер. 1985-1994 жылдары осы оқу орнында ассисент, аға оқытушы және доцент болып жұмыс атқарды. 1994 жылы Республикалық тестілеу орталығында директор орынбасары болды. 1996-1998 жылдары – «Тестілеу орталығының» зертхана меңгерушісі. 1998-1999 жылдары ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау, ғылым министрлігінде сектор меңгерушісі, бас маман қызметтерін атқарды. 1999 жылы Республикалық тестілеу орталығы директорының орынбасары болып тағайындалды, ал 2000-2001 жылдары Бiлiм беру мен тестiлеудiң мемлекеттiк стандарттарының ұлттық орталығында жобалардың бас менеджері болып жұмыс істеді.  2001-2003 жылдары – Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректор. 2003 - 2007 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Бiлiм беру мен тестiлеудiң мемлекеттiк стандарттарының ұлттық орталығының директоры қызметін атқарды. 2007 жылғы ақпан-қыркүйек айларында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің төрағасы болды. 2007 жылғы қыркүйектен бастап Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының президенті болды. 2011 жылғы ақпан-май айларында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры міндетін атқарды. 2011-2013 жылдары – Қазақ технология және бизнес университетінің ректоры. 2013 жылы қаңтар-казан айларында Халықаралық Бизнес Академиясының ректоры болды. 2013 жылғы 13 қарашада ҚР Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды.  1986 жылдан физика-математика ғылымдарының кандидаты және 2003 жылдан бастап педагогика ғылымдарының докторы. 140-тан астам монографиясы, оқу құралдары және мақаласы бар.  Қазақ білім академиясының, Ресей білімді ақпараттандыру академиясының мүшесі, және Украина Ұлттық педагогика ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі.  Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2006 ж.), ҚР мерейтой медальдарымен, ҚР БҒМ құрмет грамотасымен, «Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» және «Ы.Алтынсарин» төс белгілерімен марапатталған.

2017 жылдың шілдесінен бастап Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры.

Вернуться на уровень выше