• Список вузов, которые внедрили

     

     

    «КАЗАХСТАНСКУЮ СТУДЕНЧЕСКУЮ

    ИДЕНТИФИКАЦИОННУЮ КАРТУ»

  • Список вузов, которые внедрили

    «КАЗАХСТАНСКУЮ УНИВЕРСАЛЬНУЮ

    КАРТУ СОТРУДНИКА УЧЕБНОГО ЗАВЕДЕНИЯ»

  • Визит делегации руководителей ВУЗов в КНР 23-28 мая 2014

  • Заседание правления 24.01.2014

  • Визит делегации ректоров вузов Казахстана в Германию 1-5 декабря 2013 года

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Өмірбаев Серік Мәуленұлын М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры қызметіне тағайындалуымен құттықтаймыз!

27 марта 2017

Құрметті Серік Мәуленұлы!

Білім-ғылым саласында атқарып жүрген орасан еңбегіңіз бен мол  тәжірибеңізді жаңа қызметіңізде де лайықты дәрежеде көрсетеді деп білеміз. Алға қойған мақсаттарыңызға табыс тілей отырып, Сіздің басшылығыңыздағы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті бұдан да биік белестерді бағындыратынына кәміл сенеміз.

         Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, қызметіңізге табыс тілейміз.

Өмірбаев Серік Мәуленұлы

Экономика ғылымдарының докторы, профессор

Серік Мәуленұлы Өмірбаев 1958 жылғы 2 ақпанда Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі – жоғары. Экономикалық ғылымдар докторы, профессор.

1982 жылы ҚарМУ-дың «Қаржы және несие» мамандығын аяқтады. 1985 жылдан бастап 1988 жылға дейін Мәскеу қаржы институтының күндізгі аспирантурасында оқыды.

1982 жылдан бастап 1999 жылға дейін Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-да оқытушы, аға оқытушы, доцент, «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі, экономикалық факультет деканы қызметтерін атқарды.

1999 жылғы маусымнан бастап желтоқсан айына дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңсесінің Экономикалық бөлімі әлеуметтік даму секторының кеңесшісі ретінде қызмет атқарды.

1999 жылдан бастап 2001 жылға дейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде бөлім басшысы, басқарма басшысы, Жоғары білім департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2001 жылдан бастап 2003 жылға дейін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарды.

2003 жылдан бастап 2007 жылға дейін ҚР БҒМ Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығында басқарма басшысы, директор орынбасары қызметтерін атқарды.

2007 жылдан бастап 2011 жылға дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінде Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті, Даму стратегиясы департаментінің директоры қызметін атқарды.

2011 жылғы қараша айынан бастап 2012 жылғы қаңтар айына дейін «Маңғыстау облысы әкімдігінің аналитикалық орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2012 жылғы ақпан айынан бастап 2015 жылғы ақпан айына дейін С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры болды.

2015 жылғы наурыз айынан бастап тамыз айына дейін «Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі» МЕМ академиялық сұрақтары жөніндегі директоры қызметін атқарды.

2015 жылғы тамыз айынан бастап 2016 жылғы мамыр айына дейін ҚР БҒМ Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті директоры қызметін атқарды.

2016 жылғы 27 маусым күні ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы №31-лс бұйрығымен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры м.а. болып тағайындалды.

С.М.Өмірбаев жоғары мектеп саласындағы құзыретті маман болып табылады, жоғары және жоғары орнынан кейінгі білімді реттеуші нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және білім беру бағдарламаларын, пәндердің оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын құрастырумен айналысады. Ол Болон декларациясының ұстанымдарын Қазақстанның білім беру жүйесіне енгізуді бастағандардың бірі және кредиттік оқыту жүйесінің мәні мен құралына, қашықтықтан білім беру, аккредиттеу, білім беру сапасын бағалау жүйесінің сұрақтарына арналған ғылыми, ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы болып табылады. Оның көптеген идеялары мен ұсыныстары жоғары оқу орындарының білім беру қызметіне енгізілген.

С.М.Өмірбаевтың 150-ден астам ғылыми еңбектері мен мақалалары, оның ішінде 4 оқулығы, 8 оқу құралы, 7 монографиясы жарық көрген. Іргелі еңбектеріне «Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі», «Қазақстан Республикасындағы салықтар мен салық салулар», «Қаржы», «Мемлекеттік бюджет», «Әлеуметтік қамтамасыздандыру қаржысы» атты оқулықтары жатады.

Авторлар ұжымымен жазылған «Мемлекеттік бюджет» оқулығы 2013 жылы Ш.Уәлиханов атындағы ҚР БҒМ ғылыми сыйлықақысына ие болды.

Өзінің еңбек қызметі барысында келесі идаралық және Үкімет сыйларымен марапатталды:

  • «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі (2000 ж.);
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы (2001 ж.);
  • «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі (2002 ж.);
  • «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2003 ж.);
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы (2008 ж.);
  • «Құрмет» ордені (2008 ж.);
  • «Астананың 10 жылдығы» мерейтой медалі (2009 ж.);
  • «Қазақстан Республикасының Қаржы полициясына 15 жыл» төсбелгісі (2009 ж.);
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медалі (2011 ж.);
  • Ы.Алтынсарин атындағы медаль (2015 ж.).

Үйленген, қызы, жиендері бар. 

Вернуться на уровень выше