• Список вузов, которые внедрили

    «КАЗАХСТАНСКУЮ СТУДЕНЧЕСКУЮ

    ИДЕНТИФИКАЦИОННУЮ КАРТУ»

  • Список вузов, которые внедрили

    «КАЗАХСТАНСКУЮ УНИВЕРСАЛЬНУЮ

    КАРТУ СОТРУДНИКА УЧЕБНОГО ЗАВЕДЕНИЯ»

  • Визит делегации руководителей ВУЗов в КНР 23-28 мая 2014

  • Заседание правления 24.01.2014

  • Визит делегации ректоров вузов Казахстана в Германию 1-5 декабря 2013 года

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының ректоры Ж. Әубәкірова ханымды туған күнімен құттықтаймыз!

19 апреля 2016

 

Құрметті Жәния Яхияқызы!

 

Елеулі қызметімен ел үшін аянбай еңбек етіп жүрген Сізді Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қауымдастығы атынан туған күніңізбен құттықтаймын!

Бүгінгі қуанышты күніңізде шынайы ықыласпен жүрекжарды ниетімді білдіре отырып, әр күніңіз арайлы да шуақты болсын демекпін.

Өнегелі өмір жолыңыздың тағы бір биік белесіне көтеріліп, отандық білім, ғылым саласында айтулы жетістіктерге жеткен Сіздің адамгершілік қасиеттеріңіз бен біліктілігіңіз өзіңізден кейінгі ізденімпаз буынға үлгі екені сөзсіз. Сіз осы кемелдікке үлкен абырой, тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз.  Азаматтық болмысыңыз бен бойыңыздағы күш-қуат арқылы алдағы уақытта да бағындыратын асуларыңызға талмай жететініңізге кәміл сенемін.

Жасыңызға жас қосылып, еңбегіңіздің жемісін көріп, отбасыңыздың тірегі, әріптестеріңіздің сенімі, шәкірттеріңіздің ақылшысы болып, әрдайым сыйлы ортада мәртебеңіз биіктей берсін.

Адал еңбекпен ұштасқан әр сәтіңіз қуаныш сыйлап, жемісті нәтижелерге қол жеткізетін әр жылыңыз жақсылыққа толсын.  

Отбасыңызға береке, қызметіңізге табыс тілеймін!

 

 

Құрметпен,

Қауымдастық президенті                                                      Р. Алшанов

 

Вернуться на уровень выше