2017 жылдың 3 мамырында жылда өтетін Ашық есік күні аясында Еуразия ұлттық университетінде Астана қаласы және Ақмола облысы мектептерінің жүздеген түлектері жиналады.
Іс-шараның мақсаты – мектеп түлектеріне ЕҰУ-де оқу ерекшеліктері туралы ақпарат тарату, болашақ абитуриенттерді мазалап жүрген сұрақтарға толықтай жауап беру, университеттің білім беру, ғылымды дамыту, студенттік өмірді өткізу үрдісімен таныстыру, факультеттер деңгейінде консультациялар өткізу, оқуға түсу ережелерімен таныстыру және т.т.
Шараға оқушылармен қатар, олардың ата-аналары, мұғалімдері, ЖОО басшылары, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысады. Салтанаттың ресми бөлімі ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықовтың кіріспе сөзімен ашылады. Еуразия ұлттық университетіне оқуға түсу ережелері жайында өз сөзінде университеттің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Мақсат Аралханов баяндап береді.
Ресми шара ЕҰУ студенттерінің шығармашылық бірлестіктерінің ұйымдастырумен қойылған концертпен аяқталады.
Жыл сайын Еуразия ұлттық университетіне 4000-нан аса абитуриент оқуға түседі, олардың көбісі – мемлекеттік грант, Алтын белгі иегерлері, республикалық халықаралық олимпиада жеңімпаздары, дарынды балаларға арналған мектеп түлектері.
Ашылғаннан бері Еуразия ұлттық университетін 49 мыңнан астам маман тәмамдады.
Бүгінде 13 факультетте 16 455 студент, магистрант және докторант білім алуда.
Олардың ішінде жоғары сұранысқа ие техника және IT саласының мамандары.
Еуразия ұлттық университеті Қазақстан мен әлемде сапалы және заманауи білім беру орталығы ретінде мойындалған оқу орны. Қазақстандық ЖОО арасында бірінші болып 500 халықаралық үздік жоғары оқу орындары QS рейтінгісі қатарына кірді. Аз уақыт ішінде ТОП-400, ал содан кейін әлемнің ең үздік 300 университетінің тізіміне енді. Біздің университет 2014 жылы ТМД-дағы жарты ғасыр бұрын ашылған ТОП-50 дамып жатқан бірден бір үздік университет.
Өту уақыты: 3 мамыр сағат 15.00
Өту орны: Мұнайтпасов к/сі 13, оқу-зертханалық ғимарат, концерт залы.