• Список вузов, которые внедрили

     

     

    «КАЗАХСТАНСКУЮ СТУДЕНЧЕСКУЮ

    ИДЕНТИФИКАЦИОННУЮ КАРТУ»

  • Список вузов, которые внедрили

    «КАЗАХСТАНСКУЮ УНИВЕРСАЛЬНУЮ

    КАРТУ СОТРУДНИКА УЧЕБНОГО ЗАВЕДЕНИЯ»

  • Визит делегации руководителей ВУЗов в КНР 23-28 мая 2014

  • Заседание правления 24.01.2014

  • Визит делегации ректоров вузов Казахстана в Германию 1-5 декабря 2013 года

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Жасыл эстафета» акциясы аясында 80 РАУШАН ГҮЛІ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ

27 апреля 2017

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде педагогика ғылымдарының докторы, университеттің құрметті профессоры, ғалым, екі рет «Халық ағарту ісінің үздігі» белгісі мен «Ы. Алтынсарин» медалінің иегері Аймағамбетова Қазына Аймағамбетқызының 80 жылдық мерейтойына орай Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасы «Жасыл эстафета» акциясы аясында «Гүлстан» қоғамымен бірлесе отырып 80 РАУШАН ГҮЛІН ОТЫРҒЫЗАДЫ.

Іс-шара мақсаты – өзінің ғылыми жолын табиғатты қорғауға, қоршаған ортаман таныстыруға арнаған ғалым Қ.А.Аймағамбетованың  мерейтойы қарсаңында жастарға әсемдік, танымдық, патриоттық мақсатында экологиялық іс-шараларды жандандыру.

Іс-шара алдында республикалық «Гүлстан» қоғамыныңғылыми қызметкері, «Гүлстан» республикалық ғылыми-танымдық журналының жауапты редакторыБатима Қабдолданова арнайы қатысып,шағын газондарды, клумбаларды құрауды жобалау, гүлдерді отырғызу мен күтуге байланысты гүл әлемімен таныстыратын әдістемелік, практикалық экскурсия, тәжірибелік және онлайн жүйесіндегі сабақтар өткізеді.

Осындай жұмыстар нәтижесінде кафедра ұжымы студенттермен бірге университет ауласының өзіндік жеке эстетикалық бейнесін  жасау үшін ландшафтық-безендіру жұмыстары жүргізіп, раушан гүлдер композициясын құрап, «Қазына» гүлзары атты раушан гүлдер топтамасын отырғызады.

Гүлдер Алматы қаласындағы MEILLAND фирмасы өсірген сапалы француз раушан гүлдері алаңынан алынды. Раушан гүлдері мамыр айынан бастап қар түскенге дейін гүлдейді. Бұл барша жұрттың әсем аулада жұпар иіспен демалуына, жастардың патриоттық сезімін оятып, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізбек.

Өтетін орны: Гоголь көш., 161 (Шәріпов көшесінің қиылысы),

2-ші ғимарат

Уақыты: 26 сәуір, 2017 жыл, сағ.: 1100-де

 

Вернуться на уровень выше просмотров: 1062