• Список вузов, которые внедрили

     

     

    «КАЗАХСТАНСКУЮ СТУДЕНЧЕСКУЮ

    ИДЕНТИФИКАЦИОННУЮ КАРТУ»

  • Список вузов, которые внедрили

    «КАЗАХСТАНСКУЮ УНИВЕРСАЛЬНУЮ

    КАРТУ СОТРУДНИКА УЧЕБНОГО ЗАВЕДЕНИЯ»

  • Визит делегации руководителей ВУЗов в КНР 23-28 мая 2014

  • Заседание правления 24.01.2014

  • Визит делегации ректоров вузов Казахстана в Германию 1-5 декабря 2013 года

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары қауымдастығы Ердембеков Бауыржан Аманкелдіұлыны Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры қызметіне тағайындалуымен құттықтайды!

27 марта 2017

Құрметті Бауыржан Аманкелдіұлы!

Білім-ғылым саласында атқарып жүрген орасан еңбегіңіз бен мол  тәжірибеңізді жаңа қызметіңізде де лайықты дәрежеде көрсетеді деп білеміз.                                                       Алға қойған мақсаттарыңызға табыс тілей отырып, Сіздің басшылығыңыздағы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті бұдан да биік белестерді бағындыратынына кәміл сенеміз.

         Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, қызметіңізге табыс тілейміз.

 

Құрметпен,

Қауымдастық президенті,

профессор                                                                        Р.А. Алшанов

 

 

 

 

 

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры

ЕРДЕМБЕКОВ БАУЫРЖАН АМАНГЕЛДІҰЛЫ

Филология ғылымдарының докторы, профессор

1974 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Асқаралы ауылында дүниеге келген.

1991-1992 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Асқаралы ауылының Лекеров атындағы орта мектепте қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

1996 жылы «Семей» мемлекеттік университетінің филология факультетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдады.

1996-1999 ж.ж. аралығында «Семей» мемлекеттік университетінде аспиарантурада оқыды. 1999 жылы «Әріп Тәңірбергеновтің өмірі мен шығармашылығы. Жаңаша пайымдау» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.

1999-2000 ж.ж. Семей мемлекеттік университетінің қазақ тілі және әдебиеті кафедрасында оқытушы қызметін атқарды.

2001-2004 ж.ж. М.Әуезов атындағы Семей университетінде сырттай оқыту факультетінің деканы, 2004-2007 ж.ж. М.Әуезов атындағы Семей университетінің филология факультетінің деканы қызметінде болды.

2007-2008 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Семей университетінің оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректоры болып жұмыс істеді.

2008-2009 ж.ж. М.Әуезов атындағы Семей университетінің тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор қызметін атқарды.

2009 жылы «Абайдың әдеби ортасы және ақындық мектебі» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады.

2009-2011 жылдар аралығында Семей мемлекеттік педагогикалық институтында психология-педагогика факультетінің деканы қызметінде болды. 2011 жылы Корей Республикасының Джонгсанг ұлттық университетінде «Салық төлемдері ғылым дамуының қаржылық негізі ретінде», Ұлыбританияның Рэдинг университетінде «Қазіргі әлемдегі жоғарыбілім беру саласындағы кәсібилік» және АҚШ, Канзас, Питтсбург қаласы, Питтсбург мемлекеттік университетінде «Білім беру саласындағы менеджмент» атты ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өтті.

ҚР БҒМ БҒСБК 2011 жылдың 2 наурыздағы шешімі бойынша «Әдебиеттану» мамандығының профессоры ғылыми атағы берілді.

2011-2012 ж.ж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде филология факультеті казақ әдебиету кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2012 жылы Францияның Ұлттық білім министрлігінің CIEP педагогикалық зерттеулерінің Халықаралық орталығында «Экономика және білім әлеуметтенуі», 2013 жылы – Чеш

республикасы, Прага қаласында «Психология және педагогика» бағыты бойынша магистрлердің халықаралық тағылымдамасынан өтті.

2014 жылы ғылыми-педагогикалық тағылмдамалардан өтті: Назарбаев университетінде Қазақстанның жоғары білім беру саласындағы көшбасшыларға арналған дамудың кәсіптік бағдарламасы, Сингапур, Сингапур ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы университеттерінің Көшбасшылары үшін жоғары білім беру саласындағы зерттеу сапары. 2014 ж. академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында арнайы шақыртумен ҚХР, Орталық ұлттар университетінде, Шихэцзы университетінде дәріс оқыды.

2015 ж. «Шығыс Қазақстан облысының туристік жерлеріне лингвоелтанымдық саяхат» кешенін даярлау» атты мемлекеттік жоба жетекшісі болды.

2012-2017 жылдар аралығында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры қызметінде болды.

Негізгі ғылыми бағыты: қазақ әдебиетінің тарихы: абайтану, шәкәрімтану, мұхтартану.

Мемлекеттік сыйлықтары: «Қазақстан Ресупбликасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгі иегері (2009 ж.), «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2009 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің иегері (2011 ж.), «Моңғолия білім беру ісінің үздік қызметкері» медалінің иегері (2013 ж.), «Ы.Алтынсарин» төс белгісінің иегері (2014 ж.).

Б.А.Ердембеков 190-нан астам ғылыми және ғылыми-танымдық мақалалар мен баяндамалардың, соның ішінде 2-монография, 1-оқулық, 6-оқу құралы, 2-оқу-әдістемелік құралдың авторы. Негізгі ғылыми еңбектері: «Әріп ақын» (монография, 2001 ж.), «Семей өңірінің ақын-жазушылары» (арнаулы курс материалдары, 2003 ж.), «Қазақ әдебиетінің тарихы. ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы кезең» (оқу-әдістемелік нұсқау, 2004 ж.), «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» (оқу құралы, 2006 ж.), «Тәңірбергенұлы Ә. шығармалары» (өлеңдер, айтыстар, қисса-дастандарды құрастырушы, 2006 ж.), «Ә.Тәңірбергенұлының әдеби мұрасы (оқу құралы, 2007 ж.), «Абайдың әдеби ортасы» (монография, 2008 ж.), «ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті» (оқу құралы, 2008 ж.), «Абайтану» (Абайдың әдеби айналасы. 1-кітап. Оқу құралы, 2010 ж.), «Абайтану» (Абайдың ақындық мектебі. 2-кітап. Оқу құралы, 2010 ж.), «Ғасырлар тоғысындағы қазақ әдебиеті» (2010 ж.), «Абайтану» (оқу құралы, 2012 ж.), «Қазақ әдебиеті» (мемлекеттік тапсырыспен шығатын жоғары оқу орындарына арналған оқулық, 2012 ж.), «Бұл өлең шыққан екен бірталайдан...» (2013 ж.), «Алтай-Тарбағатай өңірінің сөз зергерлері»; «Алаштың ақиығы – Әріп ақын» (Ә.Тәңірбергенұлы жайлы естеліктер, зерттеулер, арнаулар, 2014 ж.), «Абайдың әдеби ортасы» (төте жазуға аударылған монография, 2014 ж.), «Абайтану» (оқу құралы, 2015 ж.).

2017 жылдың наурызынан бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры.

Вернуться на уровень выше просмотров: 1351