• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Қытайда Қазақстанды зерттейтін 14 ғылыми-зерттеу институты бар - Р.Алшанов

15 сәуір 2014

Қытайдың өзінде Қазақстанды зерттейтін 14 ғылыми-зерттеу институты бар. Бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Интеграциялық үдерістер мен ұлттық кәсіпкерлікті дамыту» тақырыбындағы брифинг барысында ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, экономика ғылымының докторы Рахман Алшанов осылай айтты.

Қауымдастық басшысының айтуынша, Қазақстан соңғы 80 жыл бойына ықпалдасу үдерістеріне жақындаумен келсе, қазіргі кездері күнделікті интеграциялық үдерістерге қатысып келеді. Соның ішінде Қазақстанға әлемнің қызығушылығы соңғы жылдары еселеп артып отыр.

«Біздің экономикалық құрылымның өзі әлемге барынша қызықты. Расында, Қазақстан сыртқы сұраныстарға көп жағдайда тәуелді. Бізбен тіпті Тынық мұхиттың шағын елдері қарым-қатынас орнатқысы келеді, келіп зерттеп те жатыр. Басқасын қойыңыз, жылқы еті қазақтың сүйікті асы екенін білгендіктен Парагвай, Уругвайдан жылқы еті келе бастады. Қытайдың өзінде Қазақстанды зерттейтін 14 ғылыми-зерттеу институты бар», - деді Р.Алшанов.

Экономика докторының пікірінше, қазір әлемде «сауда соғысы» жүріп жатыр. Мұндай жағдайда Қазақстанның нақты өзіндік ұстанымы болып, жаңа экономиканы құруы аса маңызды шара болмақ.

«Ал жаңа экономиканы кіммен бірігіп құруға болады? Бұл одан бетер маңызды. Осы тұрғыдан алғанда Еуразиялық экономикалық кеңістіктегі интеграция Қазақстан үшін аса жағымды болып отыр», - деді ол.

Автор: Қанат Мәметқазыұлы

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 729