• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Өңірлік технопарктердегі іске қосылған алаңдардың үлесі 95 пайызға жетті

31 қаңтар 2016

АСТАНА. ҚазАқпарат -  «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-да өңірлік технопарктер мен салалық конструкторлар бюросы бірінші басшыларының қатысуымен алқа мәжілісі болып өтті. Онда 2015 жылдың қорытындылары талқыланды. Бұл туралы Ұлттық агенттіктің баспасөз қызметінен хабарланды.

«2015 жылы индустриялық инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары аясында өңірлік технопарктер инновациялық белсенділікті ынталандыру бағытында көптеген жұмыстар атқарылды. Инновациялық гранттар алуға өнертапқыштар тарапынан берілген өтініштер саны да артып отыр. Конструкторлық бюролар өнімнің жаңа түрлерін жасап шығару мен енгізу жөніндегі қызметтер көрсетілді. Әсіресе энергетика, тау-кен металлургиясы, ауыл шаруашылығындағы машина құрастыру салаларында  бірқатар шаралар жүзеге асты.

Тұтастай алғанда, 2015 жылы өңірлердегі технопарктер мен салалық конструктор бюролары қаржылық-шаруашылық қызмет бағытында оң нәтижелерге қол жеткізген. Былтырғы жыл қорытындысы бойынша өңірлік технопарктердегі іске қосылған алаңдардың үлесі 95 пайызға жетті», делінген баспасөз баянында. 

Автор: 

Источники: http://www.inform.kz/

Ілгері Көрушілер саны: 474