Қазақстан QS University Rankings рейтингі бойынша үздік университеттері бар елдердің тізіміне енді

18 желтоқсан 2014

Ассоциация высших учебных заведений Республики КазахстанОн жылдан астам QS World University Rankings басылымын шығаратын QS Quacquarelli Symonds компаниясы  QS University Rankings: дамып отырған Еуропа мен Орталық Азия  2014/15 атты жаңа рейтингінің нәтижесін жариялады.
Бұл туралы М.В.Ломоносов атындағы ММУ-нің сайтынан хабарланды.

Университеттердің жаңа рейтингі даму үстіндегі Еуропа мен Орталық Азияның 30 елдерін қамтыды.

Университеттерді екшеу үшін қолданылған әдіснама QS Жаһандық академиялық кеңесі сарапшыларынан консультация алу арқылы, сондай-ақ жергілікті сарапшылардың көмегімен құрылды. Қолданылған критерийлер аймақта ерекше маңызды университеттердің бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігінің аспектілерін көрсетуге бағытталған.

Ресей елінің рейтингте 26 университеті көрсетілді, соның ішінде Мәскеу мемлекеттік университеті бірінші орында тұр.

Рейтингке университеттерінің көп саны түскен келесі екі ел - Түркия  мен Чехия, одан кейін Польша. Қазақстан үздік бестікті түйіндеп тұр, бізден кейінгі орындарда - Венгрия және Украина.

Тізімге барлығы 8 қазақстандық университет енген. Ең жоғары көрсеткіштерге әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (14-орын) мен Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті (23) ие болды.

Айта кетейік, QS World University Rankings - әлемнің үздік университеттері лигасының жыл сайынғы беделді, танымал және құрметке ие рейтингі. QS IntelligenceUnit мамандары мен жетекші ғалымдардан тұратын Халықаралық консультативтік кеңеспен тығыз байланыста жасалған QS World University Rankings® талапкерлер мен студенттер, университет мамандары мен әлем үкіметтері арасында кеңінен қолданылады. 

Источник: inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 648