ҚР медициналық ЖОО-ға өту межесі 92 балл - С. Қайырбекова

22 қазан 2014

Қазақстанда медициналық ЖОО-ларға ҰБТ-ның ең жоғары балын жинаған талапкерлер түсті. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша ең төменгі өту балының межесі  92-ні құрады, деп хабарлады Семей Медициналық университетінің студенттерімен кездесуде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Салидат Қайырбекова.
«Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша өңірге жұмыс сапары барысында С. Қайырбекова Медициналық университет медорталығының кардиохирургиялық бөлімшесін, консультативтік-диагностикалық орталығын аралады, университеттің бітіруші курсының студенттерімен кездесті.

Салидат Қайырбекова кездесуде студенттерді даярлау сапасын арттыру маңыздылығына баса назар аударды.

образование в КазахстанеМедициналық мамандардың тапшылығы проблемасын шешуге қатысты С. Қайырбекова түлектерді жұмысқа орналастыру нәтижесі бойынша 2014 жылы медициналық мамандар тапшылығын 30 пайызға қысқарту күтіліп отырғандығын мәлім етті.

Министрлік сондай-ақ кадрлардың біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлуде. Республикалық бюджет аясында жыл сайын кемінде 20 пайыз мамандарды оқыту көзделген, бұл 5 жыл ішінде елдің барлық медициналық қызметкерлерін, ел ішінде, шетелде, сондай-ақ шетел мамандарын тарта отырып, оқытуға мүмкіндік береді. Республикалық білім және ғылым  ұйымдарында соңғы 3 жылда 100 мыңнан астам мамандар оқытылды. Шетелде оқытуға 600-ден астам қазақстандық мамандар жіберілді. Оқыту Жапония, АҚШ, Германия, Франция, Дания, Оңтүстік Корея және т.б. елдерде жүзеге асырылды. Үздік шетел мамандарын шақыртып, шеберлік сыныбын өткізу тәжірибесі кеңінен енгізілуде.

Источник: inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 914