Елімізде оқулық жазатын 825 автор қалыптасқан – А. Сәрінжіпов

13 қазан 2014

Ассоциация высших учебных заведений Республики КазахстанПарламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатының бүгінгі отырысында баяндама жасаған Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов бұл күнде Қазақстанда оқулық жазатын 825 автор қалыптасқандығын мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

- Бүгінгі таңда біздің елімізде оқулық жазу ісімен тұрақты айналысқан 825 кітап авторлары қалыптасып үлгерді. Олардың жартысына жуығы ғылым докторлары мен кандидаттары – 400 (48 пайыз) болса, аға оқытушылар мен магистрлер – 133 (16 пайыз) және әдіскерлер мен мағалімдер саны 292 (35 пайыз), - деді ол.

Министрдің айтуынша, оқулыққа жүргізілетін сараптама нәтижелерін жақсарту мақсатымен БҒМ ағымдағы жыл басынан бері оқулық авторлары мен сарапшылардың біліктілік дәрежелерін көтеру үшін осы саладағы жұмысы ілгері кеткен шет ел мамандарының тағылымдамасынан өткізіп алу қолға алынып жатыр екен. Сонымен қатар, келешекте жыл сайын 50 автор мен 50 сарапшының біліктілігін арттыру жоспарланыпты.

Источник: baq.kz

Ілгері Көрушілер саны: 628