Алматыда Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың 80 жылдығына арналған веложарыс өтеді

10 қазан 2014

ВУЗы КазахстанаАлматыда 12 қазанда Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің 80 жылдығына арналған веложарыс өтеді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Мерейтойлық веложарыс сағат 8-де Шалянпин мен Яссауи көшелерінің қиылысында №176 мектептің аумағынан басталады. Жарыс Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың бас қорпусы алдында мәреге жетеді (Байтұрсынов көшесі мен Бұқар жырау бульдарының қиылысы). Жеңімпаздарға, қатысушыларға және жанкүйерлерге ескерткіш сыйлықтар беріледі, соңынан мерекелік концерт өтеді.

Шараға байланысты 12 қазанда сағат-7-ден 11-ге дейін Шаляпин көшесі нде(Яссауи көшесінен Өтеген батыр көшесіне дейін) және Сәтбаев көшесінде (Байтұрсынов көшесінің қиылысына дейін) автокөлік қозғалысы шектеледі.

Источник: inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 637