Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік грантты қысқартпайды – Т.Балықбаев

8 қазан 2014

Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік грант саны жылдан-жылға қысқарып жатыр деген алып-қашпа әңгімені жоққа шығарды.

«Биыл өткен жылға қарағанда біз мемлекеттік тапсырысты сәл қысқарттық. Медицина бағытында биылғы мемлекеттік тапсырыс 500-ге азайтылды. Себебі, содан басқа сұраныс болмағандықтан қысқартылды. Бірақ, жалпы грант санын біз қысқартып жатқан жоқпыз», - деді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингке ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев.

Оның айтуынша, биыл өзге мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыс былтырғы мөлшерде бөлінген.
«Соңғы төрт жылда техникалық мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс 10-нан 12 мыңға дейін өзгерді. Сондықтан бүгінде мемлекеттік тапсырыс азайып жатыр деген мәселе жоқ», - дейді вице-министр.

Источник: bnews.kz

 

Ілгері Көрушілер саны: 616