Мектеп оқулықтары сын көтермейді

7 қазан 2014
 развитие образовательной системыМектеп оқулықтары ешқандай сын көтермейді. Бұл туралы ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті, қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан мәлімдеді.
 
Бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы мәдениет пен өнер мәселелері жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесінің «Мемлекеттік тілді оқыту, қазақ тіліндегі оқулықтар мен оқу-әдістемелік материалдардың сапасы мәселелері» тақырыбындағы кеңейтілген отырысы болып өтті. Кеңес мүшесі Бекболат Тілеухан отырыс барысында өз ойын ортаға салып, бірқатар ұсыныстар айтты.
 
«Бүгінде оқулықтың үстінен түсіндіретін адам керек. Мектеп оқулықтары ешқандай сын көтермейді. Оқулықтарға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жауап беріп отыр. Олардың мақсаты – ақша табу. Жауапкершілікті оларға арттыруға болмайды, жауапкершілікті үкімет өз мойнына алу керек», - дейді Б.Тілеухан.
 
Кітап шығаруға жауапты серіктестіктер қателікті қасақана жіберуі де мүмкін. Өйткені олар мемлекеттен қайта тапсырыс алып, пайда көруді ойлайтындықтарын сөз етті қоғам қайраткері.
Ілгері Көрушілер саны: 690