Жоғары оқу орындары студенттері арасындағы футболдан Ұлттық студенттер лигасы ойыны
2014 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстанның футбол федерациясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Аталған меморандум шеңберінде 2014 жылғы 4 қазанда Назарбаев университетінің базасында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Б. Сәрінжіповтің қатысуымен Астана қаласының жоғары оқу орындарының студенттері арасында футболдан турнир өтеді. Турнирдің салтанатты ашылуы сағат 15.00-ге жоспарланған.
Турнирдің негізгі мақсаты - студенттерді тарту арқылы Қазақстандағы бұқаралық футболды дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде спорттық қозғалысты қолдау болып табылады.
Аталған турнирге Назарбаев университетінің, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің, Тұран-Астана университетінің, Астана медицина университетінің, Қазақ гуманитарлы-заң университетінің, Қаржы академиясының, Қаржы полициясы академиясының студенттері қатысады.
Алдағы уақытта студенттер арасындағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында республикамыздың барлық жоғары оқу орындарын қамту жоспарланып отыр.
edu.gov.kz




