ҚР БҒМ-де Чех Республикасы Парламенті делегациясының кездесуі өтті
2014 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде депуттар Палатасының Вице-спикері Войтех Филиптің жетекшілік етуімен Чех Республикасы Парламенті делегециясының кездесуі болып өтті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әлия Ғалымова келген қонақтарды қазақстандық ғылым және білім беру жүйесімен таныстырып, білім деңгейі мен ғылыми ұйымдар туралы әңгімеледі.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы және Чех Республикасының білім және ғылым саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Нақтырақ айтсақ, студенттердің академиялық тұтастығы, денсаулық сақтау саласында ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындығы, жоғарғы оқу орны жүйесінде медициналық кадрларды даярлау мәселесі қозғалды.
Сондай-ақ, Чехия Парламентінің Депуттары Назарбаев зияткерлік мектебі және Назарбаев университетін мысалға ала отырып, жоғары және орта білім жүйесіндегі инновациялық әдістер трансляциясының қазақстандық тәжірибесінің жетістіктерін атап өтті. Кадр даярлау бойынша мемлекеттік тапсырысты құру және бөлу мәселелеріне баса назар аударылды.
Білім саласындағы ары қарайғы перспективалар, екі елдің білім беру ұйымдарындағы кадр даярлау туралы айта отырып, студенттер алмасып, шетелде біліктілікті жетілдіру жайында да әңгіме қозғалды.
Кездесу қорытындысы бойынша делегаттар мен қазақстандық тарап бұдан былай өзара ынтымақтастықта болып, тәжірибе алмасуға мүдделі екендіктерін білдірді.
edu.gov.kz




