Еуропалық клиникалар мен университеттердің жетекші мамандары ақтөбелік студенттерді оқытуда
Батыс Қазақстан медициналық университеті әлемдік ғылымның жаңа жетістіктерін пайдалануға ниетті. Республикалық бюджеттен бөлінген қаржыны биыл студенттер мен жұмысшыларға дәрісті шетелдік мамандар оқуы үшін пайдаланбақ, деп хабарлады ЖОО баспасөз қызметінен.
Осылайша, «Педиатриялық онкология, гематология және трансплантологиядағы актуальды жетістіктер» тақырыбындағы екі апталық дәрісті Познань медицина ғылымдары университетінің профессоры Катажина Дервих оқыды.
Медицина ғылымдарының докторы студенттер мен оқытушыларға қауіпті ісіктерді диагностикалаудың жаңа тәсілдері туралы айтты. К.Дервих университеттік клиниканың екінші педиатрия кафедрасының балалар онкологиясы, гематологиясы және трансплантологиясы бөлімінде істейді.
Польшалық дәрігерлерден басқа, АҚШ мамандары да дәріс оқиды деп жоспарланған.
inform.kz




