Алматыдағы 20 мектепте бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған конференция өтті
Алматыдағы жалпы білім беретін 20 мектепте «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» атты республикалық конференция өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл конференцияның мақсаты - қазақстандықтардың отбасыларында туындайтын өзара қарым-қатынастардағы мәселелерді айқындап, оларды шешу жолдарын көрсету. Психологтар отбасындағы моральдық ахуалдың оқушылардың оқу үлгеріміне ғана емес, жалпы психологиялық саулығына да ықпалын тигізетінін тілге тиек етті.
Сондықтан биылғы жылы мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің ата-аналары үшін қажетті ақыл-кеңестер берілді.
Айта кетейік, ата-аналар конференциясы бір мезетте Қазақстанның 17 қаласындағы 250 мектепте өтіп жатыр. Бұл жиынға еліміз бойынша 170 мың ата-ана қатысады, деп күтілуде. Ауқымды шара ҚР БҒМ жанындағы отбасылық тәрбие институтының және «Нұр Отан» партиясының бастамасымен өткізілуде.
www.inform.kz




