Вице-министр оқулықтан планшетке көшуді қолдайды

12 қыркүйек 2014

Оқулық тапшылығы проблемасын жою үшін толығымен электрондық оқулық форматына көшкен дұрыс. Бүгін Мәжілісте «Ақпараттандыру туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында Инвестициялар және даму вице-министрі Асқар Жұмағалиев осындай ұсыныс жасады.

Тоқтала кететін жайт, таныстырылым барысында депутат Светлана Романовская еліміздің мектептерінде электрондық оқулықтар енгізу туралы пікірін вице-министрден сұраған. «Мен бұрыннан планшеттер мен электронды оқулықтарға көшудің уақыты келді деп санаймын. Менің кішкене балаларымның өзі мектепке толы чемоданмен барады. Ал оларға мектепте 2-3-ші қабаттарға көтерілуге тура келеді. Тіпті, отырып алып ойланасың, олар қалай көтеріледі? Сондықтан да, мен бұл мәселені әрқашанда қолдаймын. Осыны қашанда ілгерілете бермекпіз», - дейді А. Жұмағалиев.

Вице-министрдің айтуынша, білім беру саласында электронды форматқа көшуде нақты нормаларды енгізілуі қажет етілуі мүмкін. «Жалпы, электрондық оқулықтар бойынша біз тиісті шешімдерді қабылдап, оны жүзеге асыра аламыз. Жүйе дайын», - дейді А. Жұмағалиев.

www.inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 603