Алматыда эксперименталдық білім бағдарламаларының салтанатты тұсаукесер рәсімі болып өтті
Бүгін Алматыда республикамыздың ғылым ұйымдарында PhD магистратурасы мен докторантурасының эксперименталдық білім бағдарламаларының салтанатты тұсаукесер рәсімі болып өтті.
Тұсаукесер рәсіміне ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов, көрнекті қоғам қайраткерлері, ғылым ұйымдары мен жоғарғы оқу орнының өкілдері, үздік ғалымдар, докторанттар мен магистранттар қатысты.
Бұл шара ҚР БҒМ Ғылым комитеті ғылыми-зерттеу институттары және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кадрларды даярлау бағдарламасы аясындағы «Ғылым ордасы» базасында өткізілді.
2014 жылдың 23 шілдесінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ҚР БҒМ Ғылым комитеті ғылыми ұйымдарының жетекшілері Білім мен ғылымды интеграциялау туралы Бас шектемелі келісімге қол қойды. Бұл жоба әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ҚР БҒМ Ғылым комитетінің 10 академиялық институтына 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап экспериент ретінде 100 магистрант пен 50 докторантты бірге даяндауға кірісті.
Қазақ жастарына ең алғаш рет білімнің заманға сай стандарттары мен ғылыми дәстүрлерін біріктірген академиялық және ғылыми дәрежеге ие болудың ерекше мүмкіндігі ұсынылады. Ұсынылған білім бағдарламаларының ерекшелігі мен өзгешелігі көпшілікке танылған ғылыми мектептердің тізгінін ұстаған және зерттеу жұмыстры бойынша тәжірибесі бар көрнекті ғалымдар жасаған авторлық курстар болып табылады.
www.edu.gov.kz




