Батысқазақстандық судьялар «Мектепке жол» шарасына қатысты
3 қыркүйек 2014
БҚО соты ҚР Судьялар одағымен бірлесе отырып, ұзақ уақыт бойы Оралдағы отбасылық үлгідегі балалар ауылы тәрбиеленушілеріне қамқорлық көрсетіп келеді. Судьялар сол үрдісінен биыл да жаңылған жоқ.
БҚО сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, БҚО сотының судьясы, Қазақстан судьялар одағының мүшесі Жаңылдық Қашқынбаева бастаған сот қызметкерлері балалар ауылында болып, «Мектепке жол» шарасы аясында балдырғандарға спорттық киімдер, сондай-ақ олардың салауатты өмір салтын ұстануы үшін спорттық құрал-жабдықтар табыс етті.
www.inform.kz




