ШҚО-ның үлгілі колледждері анықталды
18 қазан 2014
Өскемен қаласында түлектері оқу орнын тәмамдағаннан соң жұмысқа орналасып, тұрақты жұмыс істеп кеткеy үлгілі білім ошақтарын анықталды.
Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі ШҚО-ның үлгілі колледжі ретінде танылды. Аталмыш оқу орнын бұрнағы жылдары бітірген түлектердің 86% жұмысқа орналасқан және тұрақты жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Екінші орынды ағайынды Абдуллиндердің өнер училищесі мен "Гиппократ" медициналық колледжі өзара бөлісті. Бұдан басқа, Өскемен медициналық колледжі мен Риддер агротехникалық колледжінің он түлегінің сегізі ойдағыдай жұмысқа орналасқан.
www.inform.kz




