Ақтөбе облысында мұғалім мектеп директорын соққыға жықты
11 қазан 2014
Ақтөбе облысында мектеп директорын қарамағындағы мұғалім соққыға жыққан деп хабарлайды BNews.kz. Шалқар ауданының Бегімбет ауылында араққа сылқия тойып алған дене шынықтыру пәні мұғалімі көшеден бастығын жолықтырып қалады. Сол бойда оған жұдырығын ала жүгіріпті.
Ең сорақысы, оқытушының жанында болған 18 жастағы баласы да мектеп директорының жағасына жарамасқан. Соққы алған басшы сотқа жүгінген.
Десе де, жәбірленуші қарамағындағы мұғалімді кешіріп, қылмыстық іс тоқтатылды. Енді бұл оқиғаға қатысты мұғалімнің қызметіне сәйкестігін аудандық білім бөлімінің өкілдері қарайтын болады.
news.nur.kz




