Алматы облысы республикалық «Мектепке жол» акциясына белсенді атсалысуда
Алматы облысы «Мектепке жол» республикалық акциясына белсене атсалысып, ондаған мың мектеп оқушысына материалдық көмек көрсетіледі.
Облыс бойынша 2013 жылы 50 мыңға жуық мектеп оқушысына 423,7 миллион теңгеге көмек көрсетілді. Биылғы жылы одан да көп оқушыға көмек көрсету жоспарда бар, деп хабарлады баспасөз конференциясы барысында облыс әкімінің орынбасары Серік Мұқанов.
Оның сөзіне қарағанда, материалдық қамтамасыз етуден басқа, жасөспірімдердің өз демалыстарын қайда және қалай өткізіп жатқанына үлкен назар аударылуда. Учаске инспекторлары мен басқа ведомстволардың қызметкерлері аулалар, түнгі клубтар, қала сыртында орналасқан саяжайлар мен фермаларды тексереді. Ол оқудан қалып қойған оқушыларды анықтауға мүмкіндік береді.
Акция 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Әрқайсымыздың қиын жағдайға тап болған балаларға көмектесу мүмкіндігіміз бар. Уақыт тауып, үйіңізге жақын орналасқан мектепке барып, акция туралы көбірек біліңіз. Талдықорған қаласында №19 мектеп негізінде заттар мен кітапқа мұқтаж оқушыларға қажеттілердің қабылдайтын пункт бар.
inform.kz




