Ақтөбеде «Мектепке жол» акциясы басталды

5 қазан 2014

Ақтөбе облысында «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды, деп хабарлады облыстық білім беру басқармасынан.

Жеті жыл қатарынан жергілікті кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер және облыстағы  ұйымдарының қызметкерлері тұрмыс жағдайы төмен және көпбалалы жанұяларға балаларын мектепке дайындауға көмектесіп келеді. 

Акция барысында көп балалы жанұядан шыққан  12 бала 30 мың теңгенің мектепке қажетті жарақтары, спорттық және оқу формасына ие болды.  Оларға өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен облыстық перинаталдық орталықтың өкілдері демеу көрсетті.

«Біздің үлкен отбасымызда 3 оқушы бар.  Мұндай қолдау көрсетілмеген жағдайда, олардың барлығын мектепке дайындау қиынға соғар еді. Бүгін мемлекет басшысының арқасында  оң өзгерістер болып жатыр. Бізге қолдау көрсететін осындай шараны ұйымдастырылғанына алғысымды білдіремін», - деді көп балалы ана Айгүл Омарова. Акция қыркүйек айының соңына дейін жалғаспақ.

www.inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 603