АҚШ-тың әскери оқу орындарында білім алатын болашақ курсанттарға сертификаттар тапсырылды

7 маусым 2014

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін АҚШ ҚК Әскери әуе және Әскери-теңіз әскери академияларының болашақ курсанттарына оқу сертификаттары табыс етілді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Осы оқу орындарында білім алуға кандидаттарды іріктеу сынынан өткен Абылай Оразхановқа, Балауса Камеледеноваға, Данияр Иманқұловқа сертификаттарды АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джон Ордвей табыс етті. Американдық дипломат АҚШ Қарулы Күштерінің жоғары оқу орындарында алынған білім Қазақстан армиясында табысты қолданылатындығына сенім білдірді.

Қазақстандықтар ҚР Қорғаныс министрлігі мен АҚШ Қарулы күштері арасындағы әскери саладағы ынтымақтастықтың бесжылдық жоспары ауқымында оқиды. Шет елде білім алған әскери қызметшілер ҚР Қарулы Күштерінің бөлімдері мен құрамаларында қызметтерін жалғастыратын болады.

www.inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 603