Шенеуніктер ҰБТ-дағы түлектердің қулығынан қауіптенуде

28 мамыр 2014

Шенеуніктер Ұлттық Біріңғай тест тапсыру кезінде жаңа технологиядан қауіптеніп отыр. Себебі, қулығына құрық бойламайтын жастар тест сұрақтарын сырттан уатс-ап, вайбер арқылы алып отыруға көшкен деп хабарлайды КТК арнасы.

Алайда, Білім министрлігі түлектердің мұндай қулық-сұмдығының алдын алуға мықтап кіріспек. Іске енді ішкі істер министрлігі мен жергілікті әкімдіктер кіріседі.
Олар ұлттық біріңғай тест өтетін ғимараттарды телефон үнін өшіретін арнайы құрылғылармен мықтап қамтамасыз етпек.
Былтыр ұлттық қауіпсіздік органдары тестің алғашқы күнінде-ақ шпаргалка, ұялы телефон, қосымша заттар алып кірген мыңдаған түлекті анықтаған еді. Тіпті, сынаққа рациямен кіріп, өзгенің орнына емтихан тапсырғандар да кездескен.
Осылай ұрлығы әшкере болған түлектер арасында өзін-өзі өлтіруге дейін барған фактілер кездесті.
Алайда, соңғы оқиғаны білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Ұлттық біріңғай тестпен еш байланыстырмайды. Керісінше, бар гәп оқушылардың денсаулығында дейді.
Дегенмен, тест тапсыруға ынталы түлектер қатары азайып кеткен. Былтырғы сынаққа 100 мың талапкер қатысса, ал биыл ол 8 мыңға кеміпті.
Айта кетейік, Ұлттық біріңғай тест маусымның 2-сі мен 9-ы аралығында өтеді.

news.nur.kz
 

Ілгері Көрушілер саны: 581