Қ. Көшербаев дарынды балалармен кездесті
28 мамыр 2014
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Қызылорда облысының әкімі халықаралық байқаулар мен олимпиадалардан жүлделі болған дарынды оқушылармен кездесті, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Өңір басшысы талантты жастарға облыстың қазіргі және болашақтағы даму бағыттарын әңгімелеп берді. Жасөспірімдерге оқуда сәттілік тілеп, жоғары білімді маман болуларына тілектестік білдірді. Оқушылар болса өз кезегінде облыс әкіміне сауалдарын қойды. Бірі облыс әкімінің жұмыстан тыс уақытта немен айналысатынын білгісі келсе, енді бірі болашақ өмірлік жолын таңдауда кеңес сұрады. Кездесуден естелік, оқуда қолдансын деп облыс әкімі әрбір дарынды балаға планшет сыйға тартты.
www.inform.kz




