ШҚО-да Нобель сыйлығының лауреаттары студенттермен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нобель сыйлығының лауреаттары Курт Вютрих пен Святослав Тимашев, сонымен қатар шетелдік ғалымдар Клаус Тиссен, Алексей Кавокин мен Джузеппе Эрамо Шығыс Қазақстан өңірінің студенттері мен ұстаздарының сұрақтарына жауап берді, деп хабарлады strategy2050.kz.
ШҚО әкімдігінің Ақпараттық орталығының мәлім етуінше, Курт Вютрих «ӨСКЕМЕН ЭКСПО-2014» көрмесіне қойылған жобалардың барлығы аймақтағы ғалымдардың деңгейінің жоғары екенін көрсететінін атап өткен.
Шара барысында қонақтар баламалы энергия, инновациялық технологиялар, физика және химия салалары бойынша сұрақтарға жауап беріп, өздерінің ғылым саласындағы жетістіктеріне қол жеткізу жолындағы сырларымен бөліскен.
«Бастысы - пәнге деген қызығушылық. Егер адам бір нәрсені білгісі келіп ұмтылатын болса, онда ол үлкен ынталандырушы, қозғаушы күш. Яғни, мектеп қабырғасында дәл сол пәнді оқытқан жөн», - деді С.Тимашев.
www.inform.kz




