БҚО әкімінің орынбасары оқушылармен ҰБТ тапсырды

4 мамыр 2014

Батыс Қазақстандағы шенеуніктердің арасында әр нәрсені алдымен өзіне сынап көретін әдет пайда болған сияқты.

Облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен Ұлттық бірыңғай тесттің сынамасына келіп, өзінің білімі мен танымын тексеріп көрді, деп хабарлайды КТК арнасы.

Шенеуніктің айтуына қарағанда, мектеп бітіргеніне 15 жыл өткен соң білімін тексеріп көруді бұрыннан ойластырып жүріпті. Бірақ, оған қызметі мұрша бермеген көрінеді. Тест тапсыруға келген ол дүниежүзі тарихын таңдап алды.

Әкімнің орынбасарымен бірге бірнеше журналист те оқушылармен қатар отырып, сынақ тапсырып шықты. Дегенмен, "Болашақ" бағдарламасымен шетелде оқып келіп, екі бірдей жоғары білімі алса да, Бақтияр Мәкен де көп сұрақтың жауабын таба алмай, тосылып қалды.

"Бұның бәрінің мақсаты, ең бастысы әр баламен бірге отырып, сол тестердің сапасын көру. Қиындықтар да болады, дайындалуы керек. Әсіресе ата-аналар балаларын дайындауы керек",- деді Бақтияр Мәкен.
БҚО әкімінің орынбасары тестердегі сұрақтардың бәрі сапалық түрдегі деңгейі жақсы екенін атап өтті.

news.nur.kz

Ілгері Көрушілер саны: 572