Астаналық медицина қызметкерлеріне ағылшын тілін үйретуде

25 сәуір 2014

Дерматология және ЖҚАААЕО өз дәрігерлері мен медбикелеріне тегін ағылшын тілін үйретуде, деп хабарлады дерматология орталығынан.

«Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясындағы басым бағыттардың бірі - медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру. Оның ішінде халықаралық конференцияларға,  конгрестерге, оқыту семинарларына, дәрістерге қатысу да жатады.

Оқыту «Al-Safiya» шет тілдері орталығының оқытушыларының жетекші ағылшын басылымдар базасында құрастырылған әдіспен жүргізіледі.

Оқытуға қолайлы жағдайлар жасалды: сабақ болатын уақыт ыңғайлы, аптасына 4 рет жұмыс орнында бірнеше топта жүргізіледі.  

 Ақ халаттылардың ағылшын тілінде еркін сөйлеуі ЭКСПО 2017 көрмесінің шетелдік қонақтарына сапалы медициналық көмек көрсетуге септеседі.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 614