Алматы облысының екі мектебінде студенттер заңсыз сабақ беріп келген

22 сәуір 2014

Алматы облысының екі мектебінде жоғары оқу орындарының студенттері заңсыз сабақ беріп келген, деп хабарлайды BNews.kz.

Алматы облысында өткен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Тәртіптік кеңесінің отырысында Ауат ауылындағы О. Мұхаммади атындағы мектеп директоры Р. Крылова мен Өрікті ауылындағы Б. Майлин атындағы мектептің басшысы З. Раджабоваға қатысты мәселе қаралды.

Олар кәсіптік білімі мен тәжірибесі жоқ студенттерге оқушыларға сабақ беруге рұқсат еткен, сондай-ақ бұл студенттер олардың туысы болып шықты.

Бірінші мектепте Алматы педагогикалық университетінің үшінші курс студенті Д. Крылова тарих пәнінен сабақ берсе, математика мен информатиканы институттың төртінші курсында оқитын А. Қойменкеева оқытқан.

Екінші мектепте математика мен инфоматика пәндерінен А.Алпысбай сабақ берген. Тексеріс кезінде студент қыздың бакалаврды бітірмегені анықталды.

Облыстық тәртіптік кеңес төрағасы Марат Оразалы атап өткендей, кейінгі кездері оқушылардан ақша жинау оқиғаларымен байланысты арыз-шағымдар көп түсіп жатыр. Осылайша аудандық прокуратураның ұсынысымен Жайсан ауылындағы орта мектеп директоры Ж .Жадықова тиісті жазасын алады.

Тәртіптік кеңес мүшелері күн тәртібіне қойылған мәселелерді талқылай келе, жоғарыда аты аталған тұлғаларды қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұсыну пікіріне келді.

news.nur.kz

Ілгері Көрушілер саны: 626