МБЖЖ жаңа біріктірілген ақпараттық жүйесі іске қосылды
Осыдан бір жыл бұрын Қазақстанда «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған болатын. Бұл Заңның іске асырылуы әрбір қазақстандық үшін білімнің қолжетімділігін қамтамасыз етуі тиіс. Міне, осы көрсеткіш отандық білім беру жүйесін жақсартудың ең маңызды индикаторларының бірі ретінде Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында негізге алынды.
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін енгізудің алғашқы жылы сәтті өтті деуге болады. Жаңа жүйе ойдағыдай жұмыс істеуі үшін Үкімет бағдарламаның операторы ретінде айқындаған ҚР БҒМ Қаржы орталығының бастапқы кезеңдегі міндеті МБЖЖ-ға қатысушы субъектілердің ақпараттық жүйелерін біріктіру үшін техникалық тұғырнама жасау болды.
Осы бағытта Білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көлік және коммуникация министрліктері МБЖЖ саласында ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша орасан зор жұмыс атқарды. ҚР ККМ «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы ҚР ӘМ Жеке тұлғалар мемлекеттік дерекқорының кіріктірілетін бөлігі мен ҚР БҒМ Қаржы орталығының ақпараттық жүйесі және ҚР ЕХӘҚМ «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМК ақпараттық жүйесі арасында өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін ақпараттың қолжетімділігі және оны беру қағидалары бекітілді. Сондай-ақ, МБЖЖ-ға негізгі қатысушылардың ақпараттық жүйелерін біріктіруге бірыңғай техникалық талаптар белгіленді.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның ат салысуымен «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі» ақпараттық жүйесінің интеграциялық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, серіктес банктермен және «электрондық үкімет» жүйесімен ақпарат алмасуды жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді.
Жаңа ақпараттық сервистердің арқасында МБЖЖ салымшысының азаматтылығы жөнінде мәліметті тез және жедел түрде алуға, салымшылардың басымдылықты санатқа жататындығын растауға, сондай-ақ дербес деректерді тексеру, салымды ашу және жабу, есептілік қалыптастыру үдерістерінің жеделділігі мен қауіпсіз ақпарат алмасу үшін жүйеге қатысушы банктермен ақпараттық алмасуға МБЖЖ субъектілерінің дерекқорларын біріктіру мүмкін болып отыр.
Бүгінгі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігі Қаржы орталығының ақпараттық жүйесі Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркелген.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің салымдарына банктің 8-9% сыйақысынан бөлек 5% мөлшерінде мемлекет сыйлықақысын есептеу көзделген. Соның ішінде, басымдылықты санаттағы салымшылар үшін мемлекет сыйлықақысы көтеріңкі 7% мөлшерінде төленеді. Сонымен қоса, мемлекет сыйлықақысы жеке табыс салығынан босатылды.
МБЖЖ жаңа қаржы тетігі қазақстандықтарға қазірден бастап Қазақстанның және шетелдің техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуға қаражат жинақтауға керемет мүмкіндік береді.
edu.gov.kz




