Қазақстанда 2015 жылы мектеп оқулықтары толықтай жаңартылады
2015 жылдан бастап елімізде оқулықтар жаңадан басып шығарылады. Олар сапалы болмақ. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді, хабарлайды Bnews.kz.
Бүгін "Нұр Отан" партиясы жанындағы мәдениет пен өнер мәселелері жөніндегі "Мирас" қоғамдық кеңесінің "Мемлекеттік тілді оқыту, қазақ тіліндегі оқулықтар мен оқу-әдістемелік материалдардың сапасы мәселелері" тақырыбында кеңейтілген отырысы болып өтті.
Басқосуға арнайы келген Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов баяндама жасады.
"Оқулықты басып шығаруда бірқатар қателіктер кеткендігі байқалды. Мәселен, оқулықтарда тарихи даталарға қатысты олқылықтар орын алғандығы, оқулықтар мен ҰБТ тапсырмалары арасындағы сәйкессіздік, кітаптардың орыс тілінде әзірленіп, қазақ тіліне аударылатындығы анықталып отыр. Осы бойынша жұмыс жүргізудеміз. Атап айтар болсам, оқулықтарға қойылатын типтік талаптардың жобасы жасалуда", - дейді министр.
Сонымен қатар, еліміздің бас ұстазы 2015 жылы мектеп оқулықтарының толықтай жаңартылатындығын жеткізді. Ол жаңа оқулықтар ескісін үш жылдың ішінде ығыстыратынын да атап өтті.
Читать полностью: http://news.nur.kz/310080.html
news.nur.kz




