Жамбыл облысының оқушылары ғарыш ғылымы жарыстарында 14 медальді иеленді
10 сәуір 2014
Жамбыл облысының оқушылары «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша Х халықаралық ғылыми жарыстарда 14 медальді қанжығаларына байлап қайтты.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл сайыс 3-5 сәуір аралығында Байқоңыр қаласында өтті. Оның мақсаты - оқушылардың жер және ғарыш, ғарыш технологиялары, модельдеу және астрофизика ғылымдары саласындағы қолданбалы зерттеулерге ғылыми-зерттеу қабілеттерін ынталандыру, дарынды балаларды анықтау.
Жарысқа жамбылдық 18 оқушы қатысып, олардың 14-і жүлделі оралды. Жеңімпаздар 2 алтын, 5 күміс, 7 қола медальға қол жеткізді.
inform.kz




