ҚР Білім және ғылым министрлігіне балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуды ұлғайту тапсырылды

8 сәуір 2014

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Білім және ғылым министрлігіне мектепке дейінгі біліммен қамтуды ұлғайту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.  

Мемлекет басшысы мұндай тапсырманы білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповпен кездесу кезінде берді.

«Мемлекет басшысы мектепке дейінгі білім берумен қамту, сондай-ақ университеттердегі білім беру сапасын арттыру және мемлекеттік білім гранттарын тиімді бөлу жұмыстарын жалғастыру туралы тапсырма берді» - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы ғылым саласына, әсіресе, көбіне шешімдерінде шынайылық бола бермейтін ғылыми кеңестер жұмысын жетілдіруге ерекше назар аударуды тапсырды.

Білім және ғылым министрі  Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

А.Сәрінжіпов «Балапан» бағдарламасы аясында үш жыл ішінде балалардың мектепке дейінгі біліммен 80% қамтылғанын атап өтті. Сондай-ақ, үш жыл ішінде барлық өңірлерде үш ауысымдық және апатты жағдайдағы мектептер мәселесін шешу жоспарланып отыр. Тұрғындар саны көп екі облыста, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында бұл мәселе 2017 жылға қарай шешімін табатын болады.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 698